210
тиненттерден мәдени өсімдіктердің арғытектері болып табылатын мате-
риалдар жинады. Жабайы түрлердің барлық мүмкіндігі бар тұқымдық
материалдарының жиынтығы осы көпжылдық зерттеулердің нәтижесі
болып табылады. Ол қазір Санкт-Петербургтегі Өсімдік шаруашылығы
институтында сақтаулы тұр. Институт ұжымы бұл құнды генетикалық
материалдарды 1942–1943 жылдары ленинград қоршауда қалып, адам-
дар аштан қырылған кезде де сақтап қалған. Қазір топтамада 300 мыңнан
астам дана сақталған.
Тұқымдардың тіршілік қабілетін сақтау үшін топтамалық мате-
риалдарды үнемі кезектестіріп қайта сеуіп отырған, сол арқылы олар
өздігінен жаңарып отырады. Бұл материалдар ХХ ғасырдың 60–70-ші
жылдары жоғары сапалы тұқымдар алу үшін қолданылды. Ол ішінара
үндістан сияқты Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген елдерінде азық-
түлік проблемасын шешуге мүмкіндік берді. Бүгінгі күнде Ресей мен
дүниежүзінің басқа да селекционерлері осы құнды материалдарды өз
жұмыстарында пайдаланады.
Н.И. Вавилов еңбегінің құндылығы –
мәдени өсімдіктердің барлық
географиялық аймақтарға бірдей таралмайтынын және әр дақылдың
өзінің шығу орталығы
болатынын анықтауы. Н.И. Вавилов зерттеу
нәтижесінде қандай да болмасын өсімдік түрінің генетикалық жақын
формалары көбірек таралған аймақ – сол түрдің шығу орталығы бола-
ды деп тұжырымдады. Жинақталған материалдарды талдай келе ғалым
мәдени өсімдіктердің жеті түрлі шығу орталығы болатынын анықтады
(6-кесте).
6-кесте.
Достарыңызбен бөлісу: