А. Соловьева, Б. Ибраимова


§56. Тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлері



Pdf көрінісі
бет192/250
Дата23.10.2023
өлшемі3,37 Mb.
#120642
түріОқулық
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   250
Байланысты:
httpsokulyk.kzwp-contentbooks311311.pdf 2

§56. Тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлері
Тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау
Тірі ағзалардың өзара жағымды қарым-қатынастарының түр лерін атаңдар. 
Симбиоз және мутуализм дегеніміз не? 
Белгілі бір аймақта тіршілік ететін ағзалар сол тір шілік ортасына 
бейімделеді. Тірі ағзалардың әртүрлі топ тарының өзара қарым-
қатынасының мынадай түрлері болады: жағымды, жағымсыз, бейтарап. 
Бұл тақырыпта біз жа ғымды қарым-қатынастармен танысамыз. 
Симбиоз – бірлесіп тіршілік ету кезінде (грек сөзінен аударғанда –
сим­ –­ бірге,­ биос­ –­ тіршілік
) екі ағза да немесе олардың біреуі ғана 
екіншісінен пайда көреді. Симбиоздың бірнеше түрі бар.
Нақты­ селбестік
(кооперация) – екі ағза үшін де пайдалы қарым-
қатынастың түрі. Көптеген құстар тұяқты жануарлардың денесіндегі 
жүнінің паразит кенелерімен қоректенеді. Бұл жағдай құстар үшін 
қауіпсіз болады. Құстарға шабуыл жасайтын жыртқыштар ірі қара тұяқ-
ты ларға шабуыл жасамайды. Құстар ұясын салар кезде кө бінесе бұғы, 
бұлан және сиырлардың қысқы жүндерін жұлып алып пайдаланады. 
Таңқы шаян жұмсақ денелі маржан полиптері – актиниялармен селбесіп 
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Кни а
е
ста ена
иск
чите н
б аз ате н х
е
х
с
асн
иказа
инист а
б аз ани
и
науки
ес уб ики
Казахстан
т
17 
а
2019 
а
217


228
тіршілік етеді. Актиния шаянды өзінің атпа жасушаларымен қорғайды 
және шаян қорегінің ұсақ бөлшектерін талғажау етеді. Нақты селбестік 
кезінде ағзалардың бірлесіп тіршілік етуі маңызды емес және олар бір-
бірінсіз де тіршілігін жоймайды. 
Азоттүзуші түйнек бактериялары мен бұршақ тұқымдас өсім діктердің 
(бұршақ, үрмебұршақ, қытайбұршақ, соя, ака ция) селбесуі жағымды 
қарым-қатынасқа мысал бола ала ды. 
Бұл бактериялар ауадағы бос азотты сіңіріп, оны ам миакқа айналды-
рады. Аммиакты қосылыстармен қоректеніп аминқышқылдарын түзеді. 
Азоттүзуші бактериялар бұршақ тұқымдастардың түйнектерінде өздерін 
топы рақ тағыға қарағанда анағұрлым жайлы сезінеді. Бұр шақ тұқым-
дастардың түйнектері олардың қолайлы ортасын алмастыра алады. 
Мутуализм (латын. «мутуус» сөзінен аударғанда – өзара) – 
әр түрге жататын ағзалардың бір-бірінен бөлек тіршілік ете алмай, өзара 
қолайлы жағдай туғыза отырып селбесіп тіршілік етуі. Мутуализмнің 
кең тараған мысалы – қыналар. Бұл саңырауқұлақтар мен балдырлардың 
өзара селбесіп тіршілік етуі. Қынаның құрамындағы саңырауқұлақтардың 
жіпшелері 
балдырлардың 
жасушаларын, 
жіпшелерін 
тор лап, 
арнайы сорғыш өсінділері пайда болады да, оған енеді. Сол арқылы 
саңырауқұлақтар фотосинтез нәтижесінде балдырлар түзген өнімдерді 
қолданады. Балдырлар болса, саңырауқұлақтардан су мен минералды 
заттарды алады (110-сурет).
110-сурет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет