Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу



Pdf көрінісі
бет17/61
Дата23.10.2023
өлшемі3,17 Mb.
#120673
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ

Кесте
Ерін 
қатысына 
қарай 
Езу дыбыстары 
Ерін дыбыстары 
жасалу 
жолына қарай 
ашық 
дауыстылар 
қысаң 
дауыстылар 
ашық 
дауыстылар 
қысаң 
дауыстылар 
жасалу 
орнына қарай 
жуан 
дауыстылар 
а 
ы, (и) 
о 
ұ, (у) 


47 
жіңішке 
дауыстылар 
а, е (э) 
і, (и) 
ө 
ү, (у) 
 
Қазіргі қазақ тілінде мынадай 25 дауыссыздар бар: б, г, д, ж, з, й, к, л, м, 
н, п, р, с, т, (у), ш, қ, ң, ғ, һ, в, ф, х, ц, ч. Жақша ішіндегі у фонемасы 
тау, 
жауап 
секілді сөздерде буын жасай алмағандықтан, дауыссыздар тобына 
жатады. Бес фонема в, ф, х, ц, ч –қазақ тіліне орыс тілі әсерімен енген 
фонемалар қатарына жатады. Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді: үнді 
дауыссыздар, шұғыл дауыссыздар, ызың дауыссыздар. Үнді фонемалар: р, л, 
й, у. Шұғыл дауыссыз: п, б, т, к, г, қ, д, ч, ц. Ызың фонемалар: ф, в, с, ғ, ш, х, 
з, ж, һ. 
Қазақ тіліндегі әрбір дауыссыз фонема буын ішіндегі дауыстының 
ыңғайына қарай жуан да, жіңішке де болады. Буын немесе сөз ішіндегі 
арнаулы бір фонеманың жуан я жіңішке болуына дауысты фонема себепші 
болады. 
Күдеринова Қ.Б. «Қазақ жазуының тарихы мен теориясы» атты оқу 
құралында әліпби түрлерін салыстыра келіп, С.Аманжолов ұсынған әліпби 
жобасында 32 әріп бар болғандығын айтады. Олар: а <а>, в <б>, v <в>, g <г>, 
d <д>, е <е>, з <ж>, z <з>, і <й>, j <і>, к <к>, l <л>, m <м>, n <н>, o , р 
<п>, r <р>, s <с>, t <т>, u <у>, f <ф>, х <х>, ƣ <ғ>, q <қ>, с <ш>, ә <ә>, һ 
ň <ң>, ө <ө>, ъ <ұ>, у <ү>, ь <ы>. Ұсыныс-жобаға байланысты М. Балақаев
j <і> таңбасы сөздің барлық буынында келгендіктен таңбалап, ә, у, ө әріптері 
сирек жазылатындықтан жіңішкелік белгісін пайдаланайық деді, А. Ысқақов 
бұған жіңішкелік белгі орыс тілінде тек жіңішке дауыссыздарды белгілейді 
деп қарсылық білдірді. Енді бір ұсыныс - С.Жиенбаевтікі. Автор қысаң 
езуліктерді, мысалы, сталин, склад, рғыз, қтын деп жазу керек, себебі рығыз, 
қытын деген сөздерде де редукциялауды оқылатын қауіп жоқ екенін айтады. 
Қазақ тілінің жалғамалы сипаты қосымша жалғағанда, қопармалы тілге 
айналып кетпейді, қрғз (қырғыз) дегенде түсіріп, қрғызы дегенде түбір 
тұрпатын өзгерту дұрыс емес дейді ғалым. Сондай-ақ автор дауыстылардың 
тек жуан түрін алуды а, о, у дыбыстарын сөз ішіндегі і, ŭ, е әріптеріне қарап 
оқуды, ал бір буынды жіңішке дауыстылы сөздерге дәйекше қоюды ұсынады. 
Ғалымның есептеуінше, қазақ тілінде ә-мен-23, ө-мен-18, ү-мен 19 сөз 
басталады [46]. 
Р.Сыздықова - грамматология бойынша зерттеу жүргізген ғалым. Емлені 
түзген және емле туралы жазған. Р.Сыздықованың 1988 жылы «Қазақ 
тілінің орфографиялық сөздігі» атты кітабындағы емле туралы деректерге 
тоқталғым келеді. Дауысты дыбыс әріптерінің қолданылуы: а, ә, е, о, ө, ұ, ү, 
ы, і, э әріптері жалаң дауыстылардың, ал ё, и, у, ю, я әріптері қосынды 
дауыстылардың да (мысалы: ёлка, қи, ки, бидай, су, шумақ, аю, якорь, 
саясат), кейде жалаң дауыстылардың да таңбасы ретінде (мысалы: слёт, кино, 
коммунист, бюро, октябрь) жұмсалады [57]. 


48 
а, е, ы, і 
әріптері сөздің барлық буынында жазылады. Мысалы: ал, қала, 
шағала; ер, ересек; ыс, бақытты, айыр, қатысты, қорыту, құмырсқа, жапырақ; 
іс, білімді, көкірек, үкімет, әсіресе, мәжіліс. 
ә, о, ө, ұ, ү 
әріптері жалаң сөздердің бірінші буындарында жазылады. 
Мысалы: ән, әнші, сән, дәлел, дәрігер; орын, жолаушы; өлең, көлем, көбелек, 
төртеу; ұлы, құлын; үндеу. 
Бұл әріптер кейбір біріккен сөздер мен қос сөздердің екінші 
сыңарларының басқы буындарында да жазылады. Мысалы: Есенәлі, дәрі- 
дәрмек, тәлім-тәрбие; Қызылорда, Талдықорған, жөн-жосық, Сарыөзек, 
Қараөзек, өте-мөте; басқұр, қаламұш, жазғытұрым, кешқұрым, тарс-тұрс; 
бүрсігүні, еңбеккүн, сайгүлік. 
и әрпі мынадай орындарда жазылады

а) түбір сөзде де, туынды сөзде де жіңішке естілетін жалаң и
дыбысының және қосарлы ый, ій дыбыстарының таңбасы ретінде и әрпі 
қолданылады. Мысалы: иіс, иін, ине, имек, илеу, иық, тиын, тиін, қиын, киін, 
сирек, сирақ, ти, тиімді, тиіс, жиналыс, тарихи, саяси, яғни, ылғи, қағида, 
ақиқат, Иса, Иманбай, Қали, Әли, Сағира, Қалима, Кәлима, кино, пионер, 
комиссия, инерция, идея, иероглиф. 
ә) я, ю әріптерінің алдында ы, і әріптерінің орнына и әрпі жазылады. 
Мысалы: тақия, дария, дүрия, сия, қия, мия, Әсия, Ғалия; қию, жию, тию. 
б) йы, йі дыбыстар тіркесі мен ы, і дыбыстарына бітетін етістіктерге 
көсемшенің –и жұрнағы жалғанғанда, соңғы ый, ій әріптерінің орнына бір 
ғана и әрпі жазылады. Мысалы: байы+й+ды –байиды (байыйды). кейі+й+ді – 
кейиді (кейійді). 
в) и дыбысына бітетін етістіктерге жалғанатын тұйық райдың –у 
жұрнағы 
-ю түрінде, көсемшенің –а жұрнағы -я түрінде жазылады. Мысалы: и – 
ию (иу емес), ки –кию (киу емес), жи –жияды (жиады емес). 
у әрпі мынадай орындарда жазылады: 
а) түбір сөзде де, туынды сөзде де бірде жуан, бірде жіңішке естілетін 
дауысты у дыбысының, сондай-ақ дауысты дыбыстан бұрын және кейін 
келетін үнді у дыбысының таңбасы ретінде қолданылады. Мысалы: су, гуіл, 
у, руль, жуа, қуат, уыз, уақыт, уәде. 
ә) ы, і дыбыстарына бітетін етістіктерге тұйық райдың –у жұрнағы 
жалғанғанда, ы, і дыбыстары түсіріліп жазылады. Мысалы: оқы-оқу, тоқы- 
тоқу, жібі-жібу, ірі-іру, суы-суу. 
б) у дыбысына бітетін етістіктерге тұйық райдың -у жұрнағы 
жалғанғанда, оның түбірі өзгертілмей жазылады. Мысалы: сау-сауу, бу-буу, 
ту-туу, қу-қуу, ау-ауу, жу-жуу. 
э, ё 
әріптері орыс тілінен және орыс тілі арқылы өзге тілдерден енген 
сөздерде ғана жазылады (әрі қарай «орыс тілінен енген сөздер» дегенде, 
интернационалдық сөздерді де ұғу қажет). Мысалы: экономика, этика, 
эстетика, дуэт, аэродром, электр, ёлка. 
ю әрпі мынадай орындарда жазылады: 


49 
а) сөз құрамындағы дауысты дыбыстан кейін қосынды й+у 
дыбыстарының орнына қолданылады. Мысалы: аю, ою, үюлі, кею, көркею. 
ә) орыс тілінен енген сөздерде сөз басында және дауыссыз дыбыстан 
кейін де жазылады. Мысалы: юрист, революция, люкс, адъютант. 
я әрпі мынадай сөздерде жазылады: 
а) сөз басында және дауысты дыбыстардан кейін қосынды й+у 
дыбыстарының орнына қолданылады. Мысалы: яки, яғни, якорь, қоян, таяқ, 
ая, мая, сая, қияқ, тұяқ, саяқ. 
ә) орыс тілінен енген кейбір сөздерде дауыссыз дыбыстардан кейін де 
жазылады. Мысалы: октябрь, отряд, снаряд, аккумулятор. 
Дауыссыз дыбыс әріптерінің қолданылуы 
б, в, г, д әріптері, негізінде, сөздің басында, ортасында және орыс тілінен 
енген сөздердің соңында да жазылады. Мысалы: байқа, хабар, гүл, әдет, 
вагон, авиация. 
ж, з, к, қ, л, м, н, п, р, с, т, ф, х, ш 
әріптері сөздің басында да, ортасында 
да, соңында да жазылады. Мысалы: жаз, жақсы, қажет, құж, лаж, заң, сазан, 
саз, көл, көңіл. 
ң әрпі сөздің ортасында және соңында ғана, ал ғ әрпі сөздің басында 
және ортасында ғана жазылады. Мысалы: жаңа, аң, таң, ғалым, аға, 
ағартушы. 
ф, ц, ч, щ 
әріптері орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Мысалы: 
физика, кафе, кофе, щи, борщ, лифт, цифр, шифр, шрифт, чек, очерк,
центнер. 
й әрпі қысаң ы, і дыбыстарынан басқа (тый, сый сөздерін қоспағанда) 
дауысты дыбыстардан кейін ғана жазылады. Мысалы: ой, ай, кей, құй, күй, 
әй, өй, магний, санаторий, комментарий, сценарий. 
х әрпі мынадай орындарда қолданылады

а) орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Мысалы: химия, хлор, 
археология, цех. 
ә) араб, парсы тілдерінен енген кейбір жалпы, жалқы есімдерде 
жазылады. Мысалы: хал, хат, халық, тарих, кітапхана, асхана. 
һ дыбысы естілген орындарда жазылады
. Мысалы: қаһарман, 
қаһарлы, еһе, гауһар, уһ, аһлады, уһледі [57]. 
А.Байтұрсынұлы негізін қалаған емледен кейін енген өзгерістер аса көп 
емес, дегенмен арада бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, А.Байтұрсынұлы 
емлесі өзектілігін жоғалтқан жоқ. Жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектері 
А.Байтұрсынұлының еңбектеріне негізделген. Әліпбиімізде орыс тілінің 
әсерімен енген дыбыстар бар. Дегенмен, ауызекі тіл мен жазба тілдің 
ерекшеліктері орыс тілінің әсерінен енген дыбыстардың басымдығынан 
сақталған жоқ. Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет