Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу



Pdf көрінісі
бет32/61
Дата23.10.2023
өлшемі3,17 Mb.
#120673
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ

қ-ғ, к-г 
дауыссыз 
дыбыстарын жеке фонема ретінде қарастырған, олар акустикалық және 
артикуляциялық жағынан алып қарастырғанда да дифференциалдық 
қасиеттерге ие болып табылатындықтан, бір жағынан сөздердің мағынасын 
өзгертеді, екінші жағынан сөз әуезділігі мен сөйлеу әуезділігі, сингармонизм 
құбылысы осы дыбыстар бар сөздерде орын алатындығын айта кеткім келеді. 
Себебі, қ мен ғ жуан, к мен г жіңішке, егер А.Байтұрсынұлы айтқан ережеге 
сүйенер болсақ, сөз әуезділігі мен сөйлеу әуезділігінің арасындағы айрықша 
ерекшелік орын алады. Мысалы: ағын, алғыр, аға, сақал, оқ, қалқа, жүген, 
шеге, көк, түк. 
Сонымен қатар, А. Байтұрсынұлы қазақ тіліндегі 
у 
мен 
и 
әріптерін 
дауыссыз дыбыстардың таңбасы ретінде қарастыра отырып, ауызекі тіл мен 
жазба тілде көрініс табатын ерекшеліктерге де әліпби жасау барысында назар 
аударды, оны сөз құрамында қосар әріптермен (дифтонгтар, ұу, үу, ый, ій) 
берді, мысалы: 
су – сұу, туған – тұуған, туысқан – тұуысқан, жуан – 
жұуан, ми – мый, тиын – тыйын, тиін – тійін,қиын – қыйын, жиын – 
жыйын, сиын –сыйын, сиқым – сыйқым, жиналыс – жыйналыс, ти – тый

т.б. 
А.Байтұрсынұлының «Тіл тағылымы» оқу құралында «Й» әрпіне 
байланысты 24 мысал берілген [1,39]. 


85 
Ал, 1914 жылы Оренбургта жарияланған «Ахмет Байтұрсыновтың 
қазақша алфабеси» оқу құралында «Й» дыбысына байланысты 18 мысал 
берілген [4,20]. 
Салыстыра отырып, берілген мысалдарда қандай айырмашылықтар 
орын алғандығын жазумен бердік. 


86 
Й 
 
айу 
ой 
ай 
байу 
ойла 
айа 
тайу 
ойлан 
айаз 
қый 
бой 
тай 
қыйсық 
бойа 
тайа 
қыйын 
бойақ 
тайар 
 
Бай, май, шай, жай, байқа, шайқа, айқай, қайқы, ойан, ойна, ойнар, жый, 
жыйна, жыйын, жыймақ, қыйбақ, қайсы, қайшы, айту, айтақ, аймақ, тайлақ, 
тайғақ. 
Ай жарық. Айаз мықты. Шай сұйық. Қайшы құрал. Тоғай толған жылқы. 
Сай малға сайа болады. Құм жыйылыб тас болмас. Айу ағаш сайалайды. 
Бұдан оқу құралдарында 
«й» 
дыбысына берілген мысалдар саны әртүрлі 
екендігін және қосар дыбыстармен берілген мысалдар екі оқу құралында да 
орын алғандығын байқауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет