1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



Pdf көрінісі
бет45/55
Дата23.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#120719
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   55
Байланысты:
Тарих рк №1

Жаза түрлері: 
1.
Жаппай өлім жазасына кесу 
2.
Түрмеге қамау 
3.
Тұтас жер аудару 


4.
Қылмыстық істерді қолдану 
5.
Адамдардың қадір- қасиеттері мен жанын жаралау. 
Осы жазалау шараларын ұйымдастыру үшін Қазақстанда лагерьлер жүйесі 
құрылды. 1930 жылдың мамыр айында КСРО Халық 
Комиссарлары Комитеті «Қазақстанда еңбекпен түзеу лагерьін құру 
туралы» қаулы қабылдайды. Қазақстан картасында Карлаг, Степлаг, Алжир 
т.б лагерьлер пайда болады. 
Карлаг аумағы
солтүстіктен оңтүстікке дейінгі 300 шақырым, шығыстан 
батысқа дейінгі 200 шақырым жерді алып жатты. Оған қоса осы аумақтан 
сыртқары лагерьден 350 шақырым жерде Ақмола және 650 шақырым жерде 
Балқаш бөлімшелері құрылды. Карлагты құрудағы басты мақсаттардың бірі – 
сол кезде қарқынды дами бастаған Орталық Қазақстандағы Қарағанды көмір 
бассейініне, Жезқазған және Балқаш мыс қорыту комбинаттарына аса ірі 
азық-түлік базасын жасау болды. Оған осы өнеркәсіп салаларын құрып, 
дамытуға жұмыс күші де қажет болатын. Қарлаг 32 мың тұтқынға арналған, 
ал шын мәнінде, мұнда 75 мыңға жуық адам отырды 
СТЕПЛАГ
— «халық жауларына» арналған ерекше лагерь. 1940 
жылы Кеңгір өзенінің жағасында бұрынғы пионер лагерінің орнынан КСРО 
ішкі істер халық комиссариатының (НКВД) ірі лагерь «Жезқазған лагері 
және КСРО НКВД ГУЛАГ-ның комбинаты» құрылды. 1943 жылы Үлкен 
Жезқазғанның іске қосылған және салынып жатқан бөлімдерінің бәрі НКВД-
ның қарауына беріліп, ол «НКВД Жезқазған еңбекпен түзеу лагерь-
комбинаты» деп аталды.1947 жылы №4 Ерекше лагерь немесе СТЕПЛАГ деп 
аталды. СТЕПЛАГ-тың басты міндеті — Жезқазған мыс комбинатын тез 
арада салып бітіру. Лагер 1940 жылдың 1 сәуірінен бастап жұмыс 
істеді.1942 жылдың 1 қаңтарында лагерьде 120–140 тұтқын ұсталды. 
Бұлардың ішінде 1830-ы төңкеріске қарсы қылмыстылар, 548-і бандитизм 
және кісі өлтіргені, 108-і шекараны рұқсатсыз өткені, армиядан қашқан және 
әскери қылмыстары, 9050-і өзге де қылмыстары үшін сотталғандар. 
Сотталғандар негізінен кінәсіз жұмысшылар, колхозшылар, инженерлер, 
дәрігерлер және НКВД тізімі мен құрылысқа, шахталарға еңбек күші керек 
болғандықтан қамалған адамдар болды. Соғыстан кейін лагерьге 12 мың 
Кеңес тұтқындарына 8 мыңға жуық соғыста қолға түскен немістер мен 
жапондықтар келіп қосылды. Лагерь үш негізгі бөлімшеден тұрды: Кеңгір, 
Жезқазған және Қарсақбай бөлімшесі. 


Алжир.
Лагерьде 22 болімше болған онда. 22 мыннаң астан жазықсыз 
жазаланған «Отаның сатқандардың әйелдері азап шекті. Сотталған аналар 
орналасқан лагерьді көпшілік «Алжир -cонау 1937-ші жылы ІІХК-ның 
арнайы бұйрығымен салынған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері, 
кейін баршаның аузында АЛЖИР аталып кеткен азап орталығында 20 мыңға 
дейін нәзік жандар қамауда болған. Қарағанды лагерінің 17-ші бөлімшесінің 
артынан 26-шы нүкте болып құрылған осынау тозақ орталығында небір ел 
жайсаңдарының зайыптары, қыздары мен қарындастары жазықсыздан-
жазықсыз жапа шекті. 
Ең сұмдығы – мұнда бойына нәресте біткен аналарға да мейірімділік 
жасалмады. Нәтижесінде темір тордың ар жағында 1 мың 507 нәресте 
дүниеге келіп, олардың басым көпшілігі аштық пен суықтың құрбаны болды. 
Солардың бірі «Отанына опасыздық жасағандардың жарларының Акмола 
лагерінде» (АЛЖИР) С. Сейфуллин, Б. Майлин, Ж. Шанин, С. Асфендияров, 
М. Тәтімов, Т. Жүргенов, Н. Нұрмақов, С. Сармолдаев, С. Есқараев және 
басқа белгілі қайраткерлердің жарлары қамауда ұсталды. 1938 жылы 6 
қаңтарда, мәселен, мұнда 1-3 жас аралығында балалары бар 50 әйелден 
тұратын алғашқы этап келіп түседі. Олар ерлері саяси айыпкер ретінде 
сотталған, өздері жас сәбилерімен тұтқынға алынған аналар болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет