«Педагогика және психологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер Дәріс 1



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата29.10.2023
өлшемі335,81 Kb.
#121081
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
2 Дәріс Педагогика және психологияны оқыту әдістемесі 4



«Педагогика және психологияны оқыту әдістемесі» 
пәні бойынша дәрістер 
 
Дәріс 1.
Педагогика және психологияны оқыту әдістемесі пәнінің, мақсаты, негізгі 
принциптері мен міндеттері
Дәрістің қысқаша мазмұны: 
Қазақстанның халықаралық білім беру кеңістігіне біртіндеп кірігуі жүзеге 
асырылуда, бұл өз кезегінде жоғары білім беру жүйесін реформалаудың түйінді 
бағыттарын нақтылауды қажет етіп отыр. Тез өзгеретін технологиялар заманында оның 
басты ұстанымы «өмір бойы білім алу, адамның сапалы кәсіби және ғылыми 
дайындығы, өз бетінше іздене білуі және өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілігі болуы 
қажет». Қазақстан Республикасында 2020-2025 жылдарға дейінгі білім беруді 
дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты – білім берудің бәсекеге 
қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты дамуы үшін сапалы білімнің 
қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адам капиталын дамыту деп көрсетілген. 
Жоғары педагогикалық білім берудің қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселесі – 
бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби 
мамандар дайындау. Бұл жоғары оқу орындарында білім сапасын арттыру, әлемдік 
білім кеңістігінің тәжірибелерін игеру арқылы ғана жүзеге асатындығы белгілі. Осы 
ретте еліміздегі жоғары оқу орындарының бағдарламалары белгілі дәрежеде 
халықаралық талаптарға сәйкестендіріліп, жоғары білім берудің мемлекеттік 
стандарттары оқытудың кредиттік жүйесіне бағытталып жасалынуда. Қазіргі таңда 
білім берудің мақсаттарының жиынтығы негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруды 
көздейді. Осы негізде жоғары оқу орнында білім беруде болашақ педагогтардың кәсіби 
құзыреттіліктерін педагогикалық пәндерді оқыту барысында қалыптастыру бүгінгі 
күннің негізгі талабы болып табылады. Болашақ мамандарды психологиялық-
педагогикалық даярлау жүйесінде «Педагогика және психологияны оқыту әдістемесі» 
пәні ерекше орын алады. Бұл пән арқылы студенттер теория мен тәжірибенің бірлігін, 
оқытушы мен білімалушылардың іс-әрекетін, педагогикалық қызметтің мәнін, 
құрылымын, педагогикалық қызметтің әдістемесін меңгереді. Сонымен қатар, 
педагогика мен психологияны оқытудағы технологияларды, колледждерде, жоғары оқу 
орнында педагогиканы оқытудың мазмұны, формалары мен әдістерін игеруге 
мүмкіндік алады. Педагогика және психология мамандығы бойынша біліктілік 
мінездемесіне сәйкес жоғары оқу орындарында педагогикалық-психологиялық 
пәндерді оқыту әдістемесінің негіздері меңгеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет