сұлтандардың опасыздықтарын жеңе алмайтындығына кҿзi жеткен Кенесары патша
үкіметіне қарсы күресте қырғыз халқының кҿмегіне сүйенбекшi болды. Патша
отаршыларына қарсы күресте қазақ халқымен бiрiгiп күресу үшiн келiсiмге келген
қырғыздар, қырғыз манаптары Орман мен Жантайдың үгiттеуiне байланысты қазақтармен
бiрге патша үкіметіне қарсы күрестен бас тартты. Патша үкіметінің жергiлiктi
басқарушылары Кенесары ҽскерінің Алатау бҿктеріне шегiнуiн қырғыздарға былай деп
түсiндiрдi: Кенесары ҽскерлері, қырғыз елi патша үкіметіне қарсы бiрiгiп соғысудан бас
тартса қырғыз бен қазақтың шекараларының жерлерi арқылы Қытай елiне ҿтедi деген
ойдан туған едi. Кенесары ҽскерлерiн талқандауға Қоқан ҽскерлерi де жетiп үлгердi.
Кенесары ҽскерлерi Орта жүзге шегiнген жағдайда немесе Ұлы жүзге Кенесары
кҿтерiлicшiлерiне кҿмекті бергiзбеу мақсатында патша үкіметі Абакумов жҽне Нюханов
басқарған екi отрядын жiбердi. Сҿйтiп Кенесары сарбаздары толық қоршауда қалды.
Қоршауда қалған кҿтерiлicшiлер басшысы Кенесарыға бауыры Наурызбай: егер Кенесары
Наурызбайға жүз жiгiт берсе, қоршауды бұза алатындығын мҽлiмдедi. Кенесары
қоршауды бұзып шықса, аты жүйрiк кейбiреулерi ғана қашып құтылатындығын, қалған
сарбаздарының толық қырылатындығын ескере келiп, Наурызбайдың ұсынысын
қабылдамады. Кейбiр сұлтандар Кенесары қосын тастап шығып, жау қолына барып
қосылып, сатқындық етек алды. Кейiн Кенесары ҽскерлері тҿрт күн қоршауда қалады.
Ағыбай мен Наурызбай ҿз адамдарымен қоршауды бұзып шығады. Кенесарыны
Наурызбай құтқарам деп келгенде ол да қолға түседi. Кҿтерiлiстің жеңiлу себебi:
бiрiншiден бiрлiк болмады. Екiншiден Қазақстан экономикасы дамуы Ресейден тҿмен
болды. Осы уақытқа дейiн тарихшылар Кенесары бастаған кҿтерiлiске «реакциялық
кҿтерiлic» деп баға берген. Ол дұрыс емес, Е. Бекмаханов жазғандай бұл нағыз ұлт-
азаттық кҿтерiлic болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: