Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе


Ҥшіншісі – Жүсіп Баласағұнның  «Қҧтты Білік»



Pdf көрінісі
бет63/75
Дата01.11.2023
өлшемі1,46 Mb.
#121347
түріЛекция
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   75
Байланысты:
Д ріс м тіндері аза стан тарихы курсына кіріспе

Ҥшіншісі
– Жүсіп Баласағұнның 
«Қҧтты Білік»
 дастаны. «Құтты білік» дастаны Қарахан 
мемлекеті түріктерінің тілінде жазылғаны белгілі. Дастанда X-XI ғасырлардағы Жетісу 
жерінде тұрған тайпалардың салт-санасы, ҽдет-ғұрыптары, наным-сенімдері кҿп 
жырланған. «Құтты білік» кейіпкерлерінің есімдері де бұрынғы тҽңірілік дін 
нанымдарына қатысты. Басты бейне Күн туды – ҽділ ел басшысының рҽмізі. Жүсіп 
Баласағұнның басты кейіпкер қылып Күлтегінді кҿрсетуі түркі мҽдениетін 
жалғастырушы, мҽңгілік ел бағдарының қолдаушысы екендігін айқындайды. XVIII 
ғасырда Қазақ хандығының басын қосып, айдаһардай Қытайдың аузына түсірмей, ақырған 
аюдай Ресейдің тырнағынан аман алып қалған Абылай ханның саясаты түркілік мҽңгілік 
ел идеясын жандандырушы жҽне жалғастырушы тұлғаның ерлігі. Ел басына түскен үлкен 
қиыншылықтан Абылай хан бабамыз елді біріктіріп, жұмылдырып, соның арқасында 
қазақ елін аман сақтап қалды. Ендеше, Абылай хан елді біріктірген ұлы тұлға жҽне 
«Мҽңгілік ел» идеясын жалғастырушы екендігін мақтанышпен айтуға болады. Бүгінгі 
таңда бірлікті бетке ұстаған елдің идеологиясы да осы іспетті болмақ. 
Ал, бүгінгі таңдағы Қазақстанның біртұтас мемлекет ретінде ортақ шаңырақта ҿмір 
сүретін ұлттардың идеясы да осы мҽңгілік елдің тұтастығы мен мызғымас іргесінің 
болуымен ерекшеленеді. Елбасы бес институционалдық реформаны талдау барысында, 
тарихтың жаңа белесінде тұрған ұлттың бірлігін нығайтуды ерекше назарға алды. «Біздің 
қоғамымыздың кҿп түрлілігі – біздің ҽлсіздігіміз емес, күшіміз. Барлық азамат құқықтың 
бірдей кҿлемін пайдаланып, жауапкершіліктің бірдей жүгін арқалап жҽне түрлі 
мүмкіндіктерге бірдей қол жеткізуі тиіс. Біздің қоғамымыз неғұрлым қуатты жҽне 
біртұтас бола отырып, тарихи тұрғыда кҿптеген тілдерден жҽне мҽдениеттерден 
қалыптасты. 
Бүгінде бізді «Мҽңгілік Ел» құндылықтары: азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, 
оқымыстылық, толеранттық, шын берілгендік пен патриотизм біріктіреді», – деді. 
Шындығында, бірлігі мықты, іргесі бүтін елдің қашанда ырзығы мол. Еліміз осындай баға 
жетпес байлығы – татулығымен мақтана алады. Қазіргі таңда Қазақстанда 130-дан астам 
ұлт пен ұлыс ҿкілі тату-тҽтті ҿмір сүріп жатыр. Олардың ішінде қазақ ұлтының үлесі - 
63,6 %, орыстар – 23,3%, ҿзбектер – 2,9%, украиндар – 2%, ұйғырлар – 1,4%, татарлар – 
1,2%, немістер – 1,1%, басқа ұлыстар 4,5% құрайды. Президент «Қазақстан-2050» 
Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына 
Жолдауында: «Патшалықтың, тҿңкеріс дүмпуі мен тоталитаризмнің барлық ауыртпалығы 
мен қиыншылықтарына қарамастан, біздің еліміздің аумағында тұратын қазақтар жҽне 
басқа да ұлттардың ҿкілдері ҿздерінің мҽдени ерекшеліктерін сақтай алды», – деп атап 
ҿтті. Тарихи шындық осыны дҽлелдейді. Себебі, қазіргі таңда елімізде тұрып жатқан кез 
келген ұлт ҿкілі ҿздерінің салт-дҽстүрлері мен ұлттық мҽдениетін дҽріптеп жҽне кеңінен 
насихаттай алады. Бұл қазақтардың кең пейілдігі мен қонақжайлығын, бауырмалдығын 
кҿрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет