2-мәтін Еліміз үшін маңызды мәселелердің бірі – Көші-қон мен демография. Бұл өзекті мәселе
дербес мемлекет болғалы ел басшыларын да, халықты да толғандырып келеді. Қазақстанның
жер аумағы кең болғанымен, халқымыз ат төбеліндей ғана. Осы орайда Қазақстан тәуелсіздік
алған жылдардан бастап елдің өсіп-өнуін басты назарда ұстап, демографиялық процестерге
көңіл бөліп келеді. Статистикалық деректерге сүйенер болсақ, Қазақстандағы тұрғындардың
тығыздығы бір шаршы шақырымға 5,5 адамнан келеді екен. Көршілес Қытай елінде бұл
көрсеткіш 140 адамды құрайды (яғни, біздегіден 25 есе көп). Тағы бір ерекшелік – біздің
еліміздің xалқы көп ұлтты, оған қоса xалқымыздың жартысы ауылды жерлерде
орналасқандықтан, Қазақстанның саясаты бірегейлікті қамтуға бағытталған. Еліміздегі
көпбағдарлы демографиялық саясаттың нәтижесін 2009 жылғы ұлттық Халық санағы
айқындап берген болатын. Атап айтар болсақ, ана мен баланы қорғау, гендерлік саясат,
отбасының тұрақтылығы мен әл-ауқатын арттыру, бала тууды ынталандыру, xалықтың
орташа өмір жасын ұзарту бағдарламалары бойынша еліміз жоғарғы санатты мемлекеттер
қатарына енеді. Халық санының артуына демографиялық процестердің жақсаруымен қатар,
көші-қон үдерісінің артуын да мысалға келтіруге болады. Кеңес дәуірінде азшылыққа
айналған қазақ жұрты бостандыққа қол жеткізген соң көбейе бастады. 2009 жылғы ұлттық
санақ бойынша, елдегі қазақтың саны 10 миллионнан асты. Одан кейінгі жылдарда да табиғи
өсім қарқынды өсті. Бұл өсудің негізгі қайнары болып табиғи өсім және шетелдегі 5,5 млн
қандастарымыздың 1 миллионнан астамының тариxы Отанына, яғни Қазақстанға қайта
оралуы
болды.Осы
процес
қазақ
xалқы
үшін
үлкен
фактор
болды.
Алаш айнасы Оқылым Тапсырма. Мәтіндегі ақпараттармен мұқият танысыңыз. Тапсырмаларды орындаңыз.