3 8 (? 329 дәнекермен, алюминий-А маркалы дәнекермен). Жерге ұқсас тұйықталған
өткізгіш екі бронтаспамен дәнекерленеді. Әр дәнекерлеу ұзақтығы кабель
оқушауланатын жерлердің қызып кетуін болдырмау үшін 3 минуттан
аспайды.
Жерге тұйықталатын өткізгіштердің бос ұштарында оларды
жалғастырғышқа қосу ыңғайлы болуы үшін ұштықтар сығымдалады,
содан кейін біріктіретін жалғастырғыштар монтажына кіріседі.
Біріктіретін кабель жалғастырғыштарын монтаждау. Біріктіретін
кабель жалғастырғыштары біріктіретін учаскелерді саңылаусыздандыру
және оларды механикалық әсерлерден қорғау үшін қолданылады.
1 кВ дейін есептелген, үш тарамды және төрт тарамды кабельдерді
біріктіру,
шойын
немесе
эпоксидті
жалғастырғыштармен
саңылаусыздандырылады және қорғалады. Кәдуілгі біріктіретін шойындар
(БШк) немесе аз габаритті (БШа) жалғастырғыштар төрт типті өлшемде
шығарылады. Олар біріктірілетін кабель тарамдарының қимасына қарай
таңдап алынады. БШа жалғастырғыштарының салмағы, БШк қарағанда,
шамамен 40 % кем.
Шойын жалғастырғыштарды монтаждау екі жартысын кірден мен
қақтан тоттан тазарту және біріктіретін учаскеде алдын ала өлшеуден
басталады. Біріктірілген тарамдарының астына жалғастырғыштың төменгі
жартысын орната отырып, оның мойны орналасқан учаске кабелінде
белгілейді, сосын осы учаскеге жалғастырғышқа кабельдер өткізілетін
жерде қажетті тығыздау үшін шайырланған таспанының бірнеше
қабатынан тұратын ораманы қояды.
Бұдан әрі, шайырлы таспадан жасалған орама оның мойнында болуы
үшін, жалғастырғыштың төменгі жартысын орнатамыз, сосын түйістіретін
алаңға жерге тұйықталған өткізгіштердің ұштығын жалғаймыз. Содан соң,
кендір арқанның битум массасында пісірілген нығыздағыш төсемді
жалғастырғыштың төменгі жартысының жігіне қоямыз. Нығыздағыш
төсем ретінде жалғастырғышта аз қабатталған резеңке немесе оны бөлу
кезінде кабельден шешіп алынған битумды массада пісірілген тірек иірімді
қолдануға болады. Қабельдерді шойын жалғастырғышта біріктіру 10.8-
суретте көрсетілген.
Жалғастырғышты соңғы аяқтау операциялары-оны кабель массасымен
құю өте маңызды. Дұрыс құймау, біріктіретін жерде кабель тарамдары
арасындағы, жалғастырғышта ылғалдың жиналу салдарынан оқшаулаудың
тесілуіне себеп болады.
Құюды жалғастырғышты және кабель массасын қыздырғаннан кейін
орындайды, яғни газ жанарғысымен жалғастырғышты 60.70 °С дейін
қыздырады, оған арнайы шелекте 160... 180 °С дейін қыздырылған кабель
массасын МБ-70 немесе МБ-90 қояды, сосын жалғастырғыштың ішкі
қуысын алдымен 1/3 және 3/4, содан кейін толықтай толтырады.