Сіби білім беру



Pdf көрінісі
бет179/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   256
Байланысты:
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

Ашық шинасымдары
.
Электрқабылдағыштарына қуаттың 
таралуы, сонымен қатар оның трансформаторлық шағын 
станциясынан өндірістік кәсіпорындардың цехтеріне тасымалдануын 
ажыратқыштарда салынған, оқшауланбаған шиналармен жүзеге 
асыруға болады. Ашық деп аталатын осындай шинасымдарын 
қауіпсіздік техникасының шарттары бойынша биіктігі 3,5 м кем 
болмайтын жерде монтаждайды.
Ашық шинасымын болат, алюминий, мыс шиналарынан тік 
бұрышты, қорапты немесе құбырлы бағыты бар, ажыратқыштарға 
кронштейн, діңгек немесе басқа тіреу құрастырылымдарында бар 
бұрандама немесе қапсырмалармен бекітілген құрылғыны атайды. 
Осындай шинасымдарының тіреу құрастырылымдары ғимараттың 
құрылыс 
элементтеріне 
бекітіледі 
(қабырғаларына, 
төбеге, 
фермаларға, колонналарға).
ШТА75 троллейлік шинасымы
көпір крандарын, бөрене 
крандарын, тельферлерді қуаттандыру үшін, ал ШТМ76, ШТМ73 
және ШТМ72 шинасымдары электрлік бұрғыларды, электр 
ажарлаушы машиналар мен басқа да электрлік құралдарды 
қуаттандыру үшін қызмет атқарады.
ШТМ76 көпмассаты тағайындалған төртсымды шинасымы 
электрлік құралдардың, бірбөренелік кранардың, бірфазалы, 
үшфазалы немесе тұрақты тоғының, жүккөтергіштігі 5000 кг дейін 
болатын көтергіш-тасымалдау механизмдерінің жетегін қуаттандыру 
үшін құрастырылған. Оған тура секцияларынан басқа, 30, 40, 45, 50, 
66 және 90° бұрыштық, өтеуші, ажыратушы және ұштық секциялары 
мен күймешелер мен біррельстік жолдарының жебе құрылғыларына 
арналған арнайы секциялары кіреді.
Троллефйлік шинасымының тура секциясы (12.6 сурет) 5 болат 
қорабын білдіреді, оның қақпағына оның бүкіл ұзындығы бойымен 
бірдей қашықтықта 4 ажырату оқшаулағыштары бекітіледі, үш 
немесе төрт жалаңаш мыс сымдарын фигуралық қимасымен 
(троллей) олар қораптың ішіне кіріп кететіндей етіп қысылады. 2 
троллей ұштарын секция қораптарынан дәнекерлеумен қолайлылығы 
үшін шығарылады.


415 
Секциялардың түйіскен жерлерін аспаға арналған 1 шығыршығы бар 6 
жалғастырғыштарында іске асырылады. Қораптың астында сырғанау 
байланысынан жылжымалы электрлік тізбектерді шығаруға арналған 
көлдеңен жалпақ қуысы бар. 1 аунақшаларында ойықтардың бойымен 
қораптың ішінде жылжып отыратын күймешенің көмегімен тоқалғыш 
жүзеге асырылады (1.27 сурет). Күймешенің бүйірлік тербелістерін 2 
кергіш аунақшалары доғартады. Күймешенің қалқаны серіппелермен 
троллеяларға қысылған. Байланыс блогында әрбір троллей үшін 25 А 
немесе 100 В (ШТМ72) тоғына есептелген екі мыс-графиттік 
қалқандарын орнатады. Еселенген күймешектердің қалқандары екі есе 
үлкен жәге бастапқы тоқ 50 немесе 200 А. Күймешектер шинасымына 
біріктіруші жалғастырғыштары арқылы қосылады. Күймешекті 
тельфермен немесе бөрене кранымен механикалық жалғасу үдерісін 
жинақтама жетекші қорап атқарады. Бұрыштық секциялар тура 
секцияларына ұқсас құрастырылған (12.8 сурет), бірақ оларда қорап 800, 
1200 және 1400 мм айналма радиусымен 45 немесе 90° бұрышында 
иілген, ол трассада шинасымды кез-келген нысанда жинақтауға 
мүмкіндік береді. 
12.6 сурет. ШТМ72 троллейлік шинасымының тура секциясы: 
1 — аспаның шығыршығы; 2 — троллей; 
3
— ажыратқыштың бекіткіші; 4 — 
ажыратқыш; 5 — қорап; 6 — біріктіруші жалғастырғыш; 7 — қораптың ойығы 


416 
12.7 сурет. Троллейлік шинасымның күймешесі: 
1 — жүріс аунақшасы; 2 — 
кергіш аунақшасы 
12.8 сурет. Троллейлік шинасымның бұрыштық секциясы


417 
Троллейлік 
шинасымдарын 
қолдану 
ашық 
шинасымдарын 
қолданумен салыстырғанда монтаждау жұмыстарының кезінде металл 
және еңбек шығындарын маңызды түрде кемідеті.
Жылжымалы көтергіш-тасымалдау механизмдері (крандар, бөрене 
крандары, электрталь) үшін қызмет атқаратын троллейлік желілер кран 
астындағы жолдардың бойымен салынған үш фазалы тоқ өткізгіштерін 
білдіреді. Оларда тоқ өткізетін байланыс өткізгіштері ретінде арнайы 
троллей оқшауларында орнатылған бұрыш болатынан дайындалған 
болат шиналары қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет