Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет36/68
Дата03.11.2023
өлшемі3,63 Mb.
#122018
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68
Байланысты:
Мүмкіндігі шектеулі балалар ҚР

III. Мүгедектігі 
бар балалардың 
ӘлеуМеттік 
ИнклЮЗИЯСына 
байланыСты 
кедергілер: 
Мүдделі 
тараПтардың 
кӨЗҚараСтары 
А
лдыңғы бөлімдерде мүгедектігі бар бала-
лар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз 
ету үшін жасап жатқан Қазақстанның өзінің 
көлемімен және ауқымымен таңғалдыратын 
ресми күш-жігері егжей-тегжейлі сипатталды. 
Қазақстанның мүгедектігі бар балалардың 
құқықтарын қорғау ісінде маңызды прогрессивті 
қадамдар қабылдағанына қарамастан, мұндай 
өзгерістер мүгедектігі бар балалар мен 
олардың отбасыларының күнделікті өмірінен 
байқалмауы мүмкін.
«Бадди аюларының достастығы» халықаралық 
көркемөнер көрмесінде, Астана қ. 
55


Мүгедектігі бар балалардың қоғам өміріне 
толықтай қатысуы үшін жағдайын дұрысырақ 
түсіну және олар кездесетін кедергілерді анықтау 
мақсатында үш өңір мен екі қалада – Астана 
қ., Алматы қ., Қарағанды, Қызылорда және 
Шығыс Қазақстан облыстарында түрлі мүдделі 
тараптармен фокус топтарда терең сұхбаттар 
мен талқылаулар жүргізілді. Фокус топтардағы 
терең сұхбаттар мен талқылаулар арқылы 
жинақталған ақпарат мүгедек балалардың 
әлеуметтік интеграциялануы мен тең құқылығы 
саласындағы кедергілер мен жетістіктер ту-
ралы ақпараттың алғашқы дереккөздерден 
алынуын қамтамасыз етеді. Түрлі мүдделі 
тараптар алуан түрлі идеяларын бөліседі: 
балалардың өздері жұмыс жасап жатқан 
жүйенің кемшіліктері туралы өз ауыздарымен 
айтады, дені сау балалардың ата-аналары өз 
балаларының білім алуына алаңдаушылық та-
ныта отырып, инклюзивті білім беруді қолдауға 
қатысты өздерінің күмәні бар екенін ашып 
көрсетеді, ал саясаткерлер елеулі реформалар 
жүргізуді талап ететін ережелерді іске асыруға 
кедергі келтіретін нақты шектеулер туралы 
ой бөліседі. Мүдделі тараптардың алуан түрлі 
тобы мүгедектігі бар балалардың құқықтарын 
жүйелі түрде жоққа шығаруға әкеп соғуы 
мүмкін жағдайлар мен құрылымдарды анықтау 
арқылы түрлі салалардағы әлеуметтік интегра-
ция мен теңдікке қалай ықпал етуге болатыны-
на алуан түрлі керемет көзқарастардың болу-
ын қамтамасыз етеді. Бұл тарау бала өмірінің 
«толық және лайықты өмірді» қамтамасыз ету 
үшін қажет болатын негізгі «салаларына», атап 
айтқанда, білім алу, денсаулық сақтау, қоғам 
өміріне қатысу, өмір сүру және әлеуметтік 
қорғаудың лайықты деңгейі және заңнамалық-
нормативтік орта секілді мәселелерге назар 
аудару арқылы пікірталастар нәтижесінде 
алынған түйіндерді қысқаша баяндайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет