49
Қауіпсіздік мақсатында балғаны және дискіні лақтыруда
қоршаулар жҥргізіледі, олар қауіпсіздік нормасына сәйкес және 2 кг.
салмақпен дискіні 25 м/сек. жылдамдықпен қозғалып және 7,275 кг.
салмақпен балғаны 29 м/сек. жылдамдықпен ҧшып келе жатқанын
тоқтататын жағдайда болады. Сектордың сызықтарына жанасушы тор
қоршаулардың буындары серпімді болуы қажет.
Қоршау алмалы-салмалы және стадионда болуы мҥмкін. Қоршау
торының биіктігі жыл сайын тексеріліп отырылуы қажет. Шеңбердің
айналасы бӛгде заттардан қауіпсіз зонасы бос болуы қажет: ядроны
итеруде – 1 метрден кем емес, ал балғаны және дискіні лақтыруда –
қоршау торына дейін шегінде жерге тҥсу орнында қауіпсіз зонасы
болуы қажет; ядроны итеуде – 1 метрден кем емес, балғаны және
дискіні лақтыруда – 2 см. кем емес болуы шарт.
Найзаны, допты, гранатты лақтыруда екпін алу ҥшін орын –
кӛлденең беткейлі жҥгіру жолы, ҧзындығы – 30 метрден 36,5 метрге
дейін, ені – 4 метр болуы қажет.
Жол оның ӛлшеміне кірмейтін 5,0 см. енімен ақ сызықпен
шектеледі, оның екі жағы бойынша 1 метрден кем емес қауіпсіздік
зонасы болуы қажет.
Лақтыру қисық сызық жҧқа тақтайдың 29˚ бҧрышымен секторда
орындалады да, 7 см. енімен жҧқа тақтайша ағаштан дайындалуы
және жерде ақ тҥстегі сызықпен белгіленуі мҥмкін. Жҧқа тақтайша 8
метр радиус бойынша майысуы мҥмкін, оның ҧзындығы хорда
бойынша 4 метр болады.
Жҧқа тақтайша екі шетінен 75 см. ҧзындықта немесе 7 см. енімен
сызықтар жасалады.
Ядроны итеру және лақтыру ҥшін снарядтарды жарысты
ӛткізетін ҧйым ҧсынады және ережелері талаптарға сай болуы қажет.
Егер снарядтар алдын-ала тексеріс ҥшін тӛрешілер алқасына ҧсыны-
лған болса және жалпы жағдайы берілсе оларды пайдалалуға рҧқсат
етіледі. Снарядтың ӛлшемдері, формалары мен массалары жан-жақты
жарыстың ережелерінде бейнеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: