55
коммуникативті алаңның форматы.
Педагогикалық клуб әр түрлі форматтарда ұйымдастырылуы мүмкін:
дәстүрлі күндізгі, вир, қашықтықтан. Сабақтар тренингтер,интерактивті
дәрістер, күрделі мәселелерді талқылау, онлайын-кездесулер, чат-семинарлар,
вебинарлар арқылы ӛткізілуі мүмкін.
Педагогикалық салон -
шығармашылық педагог - пікірлестерді
біріктіруге, сондай-ақ педагогтардың ӛзін-ӛзі жүзеге асыруына, олардың кәсіби
құзыреттіліктерін дамытуға ықпал ететін қоғамдық-педагогикалық ӛзара іс-
қимыл түрі. Осы педагогикалық тәжірибені жалпылау мен таратудың негізгі
функциялары: аксеологиялық, гносеологиялық, креативті, коммуникативтік.
Педагогикалық салонның жаңашылдығы бар тәжірибені дамыту, ӛзін-ӛзі
дамыту, педагогикалық қоғамдастықтағы ынтымақтастық перспективаларын
қалыптастыру, жеке жұмыс стилін құру болып табылады.
Портфолио
- бұл педагогикалық тәжірибені жалпылау нысаны, оның
ерекшелігі жүйелендіру, педагогтың педагогикалық зерттеулерінің дамуын
бейнелейтін тәжірибе туралы логикалық құрылған ақпарат болып табылады.
«Портфолио» нысаны мұғалімнің ӛздігінен білім алу тақырыбы бойынша
жұмысын, оның қызметінің сипатын бағалауға, педагогтың шығармашылық
және кәсіби ӛсуін қадағалауға мүмкіндік береді, рефлексия (ӛзін-ӛзі бағалау)
дағдысын кӛрсетеді.
Практикум -
бұл тәжірибені меңгеру барысында ӛз бетінше практикалық
жұмыстарды
орындауды
қарастыратын
оқытуды
ұйымдастыру
түрі.Практикумның
ерекшелігі-қатысушылардың
үлкен
дербестігі.
Практикумның түрлері:
- орнату
- иллюстрациалық
- жаттығатын
- зерттеушілік
- шығармашылық
- жалпылама
Достарыңызбен бөлісу: