1.3. «Жасанды интеллект» ҧғымы
1-ші анықтама
. Ақпаратты кіруінің күйіне тәуелді, мақсатқа
бағытталған іс-әрекет параметрлерінен басқа, ӛзінің мінез-құлқын ӛзгертетін
жүйе
интеллектуалды
деп аталады (
1.1-сурет
). Мінез-құлқының тәсілі
ақпаратты кіруінің ағымды күйіне ғана емес, жүйенің алдыңғы күйлеріне де
тәуелді болады.
1.1-сурет.
«Қара жәшік» сияқты интеллектуалды жүйе
Бірнеше мысал келтірейік.
7
Әрбір жанды организм — интеллектуалды жүйе. Оның ұзақ зердесі
және ӛзін оқыту қабілеті бар. Қолын күйдіріп алған бала ыстық пешке
жоламайды.
Техникалық жүйелер интеллектуалды бола алмайды, яғни олардың
реакциясы бірдей оқиғаға айтарлықтай ӛзгермейді. Құбырдағы газ қысымын
автоматты басқару жүйесі қалқалағышты жауып және ашып қана алады
(параметрді басқару), бірақ құбырдан қалқалағышты алып тастау шешімді
қабылдай алмайды. Егер апатқа келтіретін, газӛткізгіштің ішінде қысым
ӛзгеретін болса (мысалы, алдымен кенет кӛтеріледі, сосын кенет тӛмендейді),
онда автоматты жүйе осы ӛзгерісті қалыпты деп есептеп, қалқалағыштың
қозғауымен бұл жағдайды басқара бастайды. Бірақ, осындай оқиғалар
қайталана берсе жүйе үйренбейді. Ӛйткені, бала параметрлерді (ыстық пеш)
ғана емес, мінез-құлық ережелерді де жаттап алды (ыстық пешке жолама).
2 анықтама
. Адамның ойлауын компьютерде модельдейтің жүйе
интеллектуалды
деп аталады.
Екінші анықтама 60 жылдары пайда болды, ол кезде адам миындағы
процестерді компьютер кӛмегімен модельдеуге болады деп есептелетін. Ми
талшықтары – нейрондар – арнайы математикалық әдістермен бағдарламалы
түрде сипатталатын. Осымен, компьютерлік бағдарлама адам миының тілімі
деп келтірілетін. Бағдарламаның кіруіне кейбір мәліметтер берілетін (жанды
организмде электр сигнал беріледі), шығуында алынған нәтижелер үлгі-
нұсқамен салыстырылатын. Осыған байланысты, егер нәтижелер үлгі-
нұсқауға сәйкес болмаса, есептік коэффиценттер ӛзгертілетін. Осындай
«оқытудың» айналымдар санына тәуелді, бағдарламаның жұмыс нәтижелері
адам миының ӛте кіші тілімінің жұмыс нәтижелеріне жақындайтын.
XX ғасырдың 80 жылдары бұл идея сәтсіздікке ұшырады, бірақ
нейронды желілер теориясының пайдалығы басқа тәжірибелік салаларда
кӛрсетілді. Мысалы, жақсы нәтижелер параметрлердің мәндерін болжау
есептерде және бейнені айырып тануда алынды.
3 анықтама
. Адаммен мағыналы ӛзара сұхбат жүргізу арқылы, оның
интеллектуалды қызметін күшейтетін жүйені
интеллектуалды
деп атайды.
80 жылдардың аяғында әмбебап жасанды ақыл-ойды жасауға
болмайтыны және оның қажетсіздігі айқын болды. Адамды алмастыратын
емес, оның қызметін толықтыратын тар кӛлемді интеллектуалды жүйелерді
жасау керекті. Адамның бірегей қабілеттерінен басқа бірнеше кемшіліктері
де бар. Компьютерде энциклопедиялық жады бар, бір секундта миллиондаған
операцияларды жасай алады, бірақ компьютер ой жүгірте алмайды және
ӛзінің қылықтарына жауап бере алмайды.
Адам мен машинаның бірлескен қызметі ӛте актуалды. Компьютер
адамға кеңесші болу қажет, жағдайды тез талдап іс-әрекет варианттарын
кісіге ұсыну керек. Ал адам келтірілген вариаттардан керегін таңдайды.
Сонымен, қазір жасанды интеллект - шешімді жасау мен қабылдау
үшін адамның қызметін күшейтетін, ӛзін-ӛзі үйрететің құрал-сайман.
|