Ғылыми әдіс
— жалпы ғылыми аясындағы
қолданылатын әдістердің жиынтығы. Осыған қоса әрбір
ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол
объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады
.
Әдіс
- зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір
немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың
теорияға немесе практикаға негізделген түрі. Процедура – белгілі бір
операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін іс-
әрекеттердің жиынтығы.
Тәсіл
– күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше
нысаналы әдістердің жиынтығы
Ғылыми танымның нәтижелері түсініктерді қалыптастырумен аяқталады. Ғылымның
түсініктілігі бір-бірімен тығыз байланысты аксиомалар, теоремалар мен
тұжырымдардың қатаң логикалық құрылысымен түсіндіріледі. Түсініктер көп жақты
құрылымға біріктірілген. Теория – бұл түсініктің кеңейтілген түрі. Кез келген ғылыми
теория – Евклидтің не Н.И.Лобачевскийдің геометриясы, кванттық механика, не
қазіргі заманғы космогония - түсініктердің қалыптасуының мысалы бола алады.
Түсініктердің қалыптасуы - үздіксіз жүретін күрделі үрдіс. Әрбір ғылым белгілі бір
заңдылықтарға бағынатын түсініктер жүйесі болып табылады.
Ғылым кумулятивті үрдіс деп аталатын тек қана фактілердің жай жиынтығы емес.
Фактілерді әдетте гипотеза мен теориялар арқылы түсіндіруге тырысады. Олардың
ішінде белгілі бір кезеңде парадигмаға айналатын жалпыға ортақ немесе
фундаменталды теория болады. Кезінде осындай парадигма ретінде Ньютонның
аспан және жер денелерінің қозғалыс теориясы қарастырылды, өйткені, бұл теорияға
нақты механикалық процестерді зерттеуші дерлік ғалымдар сүйенді. Дәл осылай,
электрлік, магниттік, оптикалық және радиотолқындық процестерді зерттеуші барлық
ғалымдар Д.К.Максвелл жасаған электромагниттік теорияның парадигмасына
сүйенді.
Ғылыми революцияларды талдау үшін, ғылымға парадигма түсінігін енгізген
америкалық ғалым Томас Кун (1922-1996 ж.) олардың ерекшелігін – бұрынғы
парадигманың жаңа парадигмаға ауысуы, яғни зерттеліп отырған процестердің жаңа,
терең және күрделі түріне ауысуын көрсетіп кеткен. Оның пікірі бойынша ғылымның
дамуын екі кезеңге бөлуге болады:
қалыпты кезең, бұл кезде ғалымдар парадигманы жеке, арнаулы сипаттағы
мәселелерді шешуге пайдаланаған;
экстраординарлық кезең - жаңа парадигманы іздеу кезеңі.
Ғылыми танымның әдістері жалпы деңгейлеріне,
ғылыми зерттелу үдерісіне, қолданылу ауқымының
кеңдігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Сондай-ақ
олар:
жеке
,
жалпы ғылыми
және
жалпылама
(философиялық) әдістерге бөлінеді.
Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге
болады:
анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас
бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу;
синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;
абстракциялау – зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес
қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері
мен қарым-қатынастарын бөліп алу;
жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін
анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;
индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға
мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;
дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік
беретін талқылау әдісі;
аналогия – объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде
олардың ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі,
басқаша айтқанда, аналогия – ғылымның бір саласындағы
қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы,
мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б
классификация – зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды
белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология,
география, кристаллогрфия, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері).
Достарыңызбен бөлісу: |