«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ НУО «КАЗАХ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ» РОССИЙСКИЙ-МЕДИЦИНСКИЙ
МЕББМ УНИВЕРСИТЕТ»
БОӨЖ #5
«ЭКГ-ні тіркеу және талдау қағидалары»
Орындаған
: Қойшыбай Б.
Курс:
1 курс
Факультеті:
Жалпы медицина
Тобы:
103А
«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ НУО «КАЗАХ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ» РОССИЙСКИЙ-МЕДИЦИНСКИЙ
МЕББМ УНИВЕРСИТЕТ»
Мазмұны:
1. Жүректің негізгі қызметі автоматизм;
2. Автоматизм орталығы;
3. Жүрекшелік қозудың таралуы;
4.
Кеуде электродтарын орналастыру;
5. Электрокардиограмманы талдау;
6. Жүрек соғу жиілігін анықтау;
7. Пайднанылған әдебиеттер.
«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ НУО «КАЗАХ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ» РОССИЙСКИЙ-МЕДИЦИНСКИЙ
МЕББМ УНИВЕРСИТЕТ»
Жүректің өткізгіш жүйесі.
Жүректің негізгі қызметі автоматизм, өткізгіштік, қозғыштық, жиырылу
және т.б. Жүректің автоматизмі қызметі деп- оның сыртқы
тітіркендіргіштердің әсерінсіз, өздігінен электр импульсін тудыруын
айтамыз.
Автоматизм қызметіне синоатриалды түйін және жүрекшелер мен
қарыншалардың (пейсмекерлер) өткізгіштік жүйесі қатысады.
Электрокардиографияда, жалпы, үш автоматизм орталығы
болатынын айта кеткен жөн:
1. Бірінші реттік автоматизм орталығы – бұл минутына 60-80 рет
жиіліктегі электр импульсін тудыратын СА түйіні.
2. Екінші реттік автоматизм орталығы – бұл минутына 40-60 рет
жиіліктегі электр импульсін тудыратын АВ-қосылыс (АВ түйінінің Гис
шоғырына және жүрекшенің төменгі бөлігіне өтетін аймақ), сонымен
қатар Гис шоғыры.
3. Үшінші реттік автоматизм орталығы - соңғы бөлім, Гис шоғырының
аяқшалары мен тармақтары. Ол автоматизмнiң төмеңгі қызметін
атқарады, минутына 25-40 жиіліктегі электр импульсін тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |