Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


V I тарау. Н ем іс классикальщ философиясы



Pdf көрінісі
бет177/305
Дата15.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#122800
түріОқулық
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

V I тарау. Н ем іс классикальщ философиясы
2 0 5
символы, халықтың ерік-жігерінің бейнесі. Мемлекеггі билеуде монархтың же- 
ке басының қасиеттері ешқандай рөл атқармайды. Одан гөрі, көптеген көмекші 
шенеуніктерге сүйенген бюрократиялық сатылап басқару тэсілінің дұрыс істеп 
тұрғаны элдеқайда маңыздырақ. Осы тұрғыдан алғанда, Гегельдің бул ілімі жалпы 
тоталитарлық басқару жүйесінің қалыптасуына тікелей эсер етті ме деп қаласың. 
Гегель түсінігінше, «жеке адамдардың бостандығы дегеніміз - жекс меншіктің 
бостандығы. Меншіктің мөлшері - жеке тұлға өлшемінің куэсі, оның еңбегінің, 
талантының салдары. Сондықтан меншікті теңестіруге болмайды. Жеке меншік 
міндетті түрде «аластату» сияқты қоғамдық құбылысты тудырады, оны біз Герма- 
нияда қалыптасқан қоғамда өздері өсірген тұқымдарына, тіккен маталарына, 
салған суреттеріне ие бола алмай, билік жүргізе алмай жүрген шаруалардан, жұ- 
мысшылар мен суретшілерден көре аламыз. Олай болатын себебі - олардың езде- 
pi шығарған өнімдері билеп-төстейтіндердің меншігі».
Мұндай тығырықтан шығуға бола ма? Гегельдің пікірінше, бостандыққа ие 
болу да, қаналу да эр адамның, халықтың ерік-жігеріне байланысты. Егер олар 
бостандық үшін күреске шығып, өз құқығын қоргауға ұмтылса - ол өз еріктері. 
Жалпы алғанда, философ тек әлемдік Рухтың ішкі логикасының қозғалысын ғана 
танып-білуге тырысады, ол ешқандай да тығырықтан шығу жолын көрсетпейді.
Гегельдің ілімі ХІХ-ХХ ғасырлар философиясына үлкен эсер етіп, осы кезең- 
ге дейін маңызын жоймай келеді.
Неміс классикалық философиясының көрнекті өкілі Людвиг Фейербах 
1804 жылы Ландсугутта туып, 1872 жылы Нюренберг қаласының маңында, 
Рейхенберг деген жерде қайтыс болтан. Негізгі еңбектері: «Христиан дінінің 
мәні», «Діннің мэні», «Гегельге қарсы сын», т.б.
Фейербах Гегельдің қарама-қайшылықтар бірлігі қағидасьш, оньщ диалек- 
тикасьш жоғары бағалап, жас гегеляншьшар қатарында болды. Кейін келе, ол Гегель 
бірлікті идеалды түрде гана түсінеді, ал оның диалектикасы өмір шындығынан тыс 
жатыр деп сынға алып, идеализмді діннің рационалданған түрі, сондықган филосо- 
фияньщ бірден-бір міндеті - дінге қарсы күресу деп тұжырымдады. Құдай - адамға 
тэн қасиетгерді, мэнді одан бөліп алып, жеке өз алдына мэн ретінде қалыптасқан 
ұғым. Шындап келгенде, Құдай деп жүргеніміз - адамның өзі. Ал адамның өзі фи- 
зиологиялық жэне психологиялық бірліктен тұрады. Оны ажыратып, бөліп қарау 
тек абстракцияда гана мүмкін. Сондықтан Кант пен Гегельдің адамды рухани құ- 
былыс ретінде қараулары негізсіз. Жан мен тэн, рух пен дене бірінсіз-бірі өмір 
сүре алмайды. Тэн өлгенде, жан да өз өмірін тоқтатады. Адамның мэні ақыл-ой, 
жігер, жүрек (жан мағынасында) жэне физиологиялық процестерге жатпай- 
тын өзіндік ерекшеліктері бар дененің ұйымдасу қабілетімен тығыз байланысты. 
Адам - табиғатгың ең жоғары нэтижесі, сондықтан оны табиғатган бөліп қарауға 
болмайды. Демек, жаңа философияның негізгі міндеті - табиғатты зертгеп, оның 
адамға тигізер эсері негізінде адамның осы өмірдегі мэн-мағынасын түсіну. О дү- 
ниеде жақсы өмір жоқ болғандықтан, адамдар бірігіп, осы дүниеде қалай жақсы 
өмір сүруге болатьга жолдарды іздестірулері керек. Осындай жақсылыққа апаратын 
жол, Құдайга жалбарынуды уағыздайтын діннің орнына, адамдардың бір-біріне се- 
німін арттыратын сүйіспеншілік діні деп есептейді Фейербах.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет