Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 4 8 V II тарау. Х І Х -Х Х ғасырдағы философия



Pdf көрінісі
бет219/305
Дата15.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#122800
түріОқулық
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

2 4 8
V II тарау. Х І Х -Х Х ғасырдағы философия
Кұранды зерттеуге ол өзара байланысты екі тәсілді ұсынады: а) пайғамбар 
ашқан ақиқаттардағы санаткерлік мазмұндарды зерттеу; ә) оның жеке өмірбаянын 
зерттеу; б) ол бұдан басқа типологиялық деп аталатын эдісті ұсынады (Құдай, 
Пайғамбар, Құран, тарихи жагдайлар, таңдау еркіндігі). Исламдағы тұлға - бүл 
құдайшылдық нормаларды жақсы ұғынған адам. Пайғамбар тұлғасында Оның 
адами қасиеттері мен Құдаймен тілдесуінен алған рухани және діни қасиеттері 
бір мезгілде көрінеді. Философ және ғалым ретіндегі Ибн Сина данышпандығын 
жоғары бағалай, құрмет тұта отырып, оны ол Қудайға деген жалынды махаббатпен, 
Али Шари’ атидің пікірінше, мағынасы «Мен снді өмір сүрмеймін, енді тек Құдай 
ғана өмір сүреді» дегенді білдіретін «Мен - Құдаймын» (эна эл-хақ) деген сөзімен 
атағы шыққан эл-Халладждан томен қояды.
Али Шари’ ати өзінің философиялық ойларын «Таухид дүниетанымы» бөлі- 
мінде баяндайды. Таухидті ол барлық монотеистер қабылдаған Құдайдың бірлігін 
мойындау деп түсінеді. Бірақ та өзінің еңбегінде Али Шари’ ати онда (Таухидта) 
универсум - мына әлем - ана элем, жаратылыстық пен жоғарғы жаратылыстық, 
субстанция мен мэн, pyx пен денеге бөлінудің орнына бутіндік көрсететін Таухид- 
ті дүниетаным ретінде түсінуге ерекше көңіл бөледі.
Жарық пен осы жарықты шашып турғаи шам - Али Шари’ ати адамның 
Құдаймен қатынасын осылай бейнелі түрде салыстыруға тырысады. Құдайдың
табиғат пен адамның негізі бір, олардың бірлігінің бастауы осында.
Таухид көзқарасы тұрғысынан болмыс екіге бөлінеді: көрінбейтін жә- 
не көрінетін болмыс. Бұл онтологиялық бөліну емес, анығында эпистемоло- 
гиялық бөліну болып табылады. Көрінетін болмыс элем белгілері (аят) мен 
нормалардың (сунна) тұтас серияларынан тұрады. «Белгі» сөзі терең мағынасы 
бар табиғи құбылысты білдірсді жэне ол Құдай сөзінен бөлек болмайды, бірақ 
та қайткенде де Құдайдың универсумда көрінуінің айқындалуының өлшемі 
мэнінде бағаланады. «Белгі» сөзі бүл жерде сопылықтың феномснологиясы 
мағынасында пайдаланылған.
Таухидтың кұрылымы элемдегі қарама-қайшылықты немесе үйлеспеушілікті 
қабылдамайды. Таухид бойынша, тіршілікте адам мен табиғат, рух пен тән, бұл дү- 
ние мен о дүниелік өмір, материя мен мән арасында қарама-қайшылықтар нақты- 
лығы жоқ. Таухид адамның әлеуметтік күштерге тэуелділігін теріске шығарады. 
Адам Кааба әлемінде өмір сүреді.
Али Шари’ атидың исламдық адам тұжырымдамасына деген тэсілі екі тұр- 
ғыда қарастырылуы мүмкін: 1. Ізгілік тұрғысындағы адам. 2. Исламньщ ретро- 
спективасындағы (өткендегі көзқарасы тұрғысындағы) адам. Еуропадағы «жаңа 
гуманизм» туралы (буржуазиялық, маркстік, экзистенциалдық) өз пікірін айта 
келіп, ол адамның талқылауға жатпайтын жеті негізгі сипатгамасын бөліп көр- 
сетеді: 1) адам барлық табиғи жэне жоғары табиғи тіршілік иелері арасында ең 
бірінші орынды алады, тәуелсіз өзіндік («Мен») пен ізгілікке ие; 2) жеке тәуелсіз 
ерікке, еркіндікке жэнс тандауға ие; 3) саналы тіршілік иесі болып табылады жэ­
не санасының болуы оның ең жоғарғы қасиеті; 4) өзін саналы түрде сезіне алатын 
тіршілік иесі больш табылады; 5) адам - жасампаз тіршілік иесі; 6) ол - мұратқа 
табынатын (бас иетін) тіршілік иесі; 7) адам - ақлихаттық тіршілік иесі. Осының 
бэрі мінсіз адамның сипаттамасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет