Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет240/305
Дата15.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#122800
түріОқулық
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Қазақ философиясының бастапқы кездегі деңгейі қандай болды?
2. Қазақ философиясында қоғамдық ой үш кезеңнен (қоғам, қоғамдастық және қогамдық пі- 
кір) қалайша өтті?
3. Ұлттық философиямыздың негізгі өзегі, ұлттық болмысымыздың, философиялық ойлау 
жүйеміздің ерекшелігі мен құндылығы неде деп ойлайсыз?
71 Жұртбаев T. Дулыға. -А лм аты , 1994. - 1-том. - 144-6.


К өне туркі жазбаларындағы алғы философияльщ ойлар
2 6 9
Көне туркі жазбапарындағы алғы философиялық ойлар
Ашина (Көкбөрі) ұрпақтары VI ғасырда хандықтьщ басқару ісі ақсақалдар 
алқасының (кейінгі Қазақ хандығында - билер алқасы мен хан кеңесі) құзырында 
болды. Ал хан жарлығын атқарушылық мівдеті үлкенді-кішілі лауазымдар иесіне 
жүктеледі. Бұл мансаптар мұрагерлік жолмен - хандық билік, әскери демократия 
арқылы жүзеге асырылған. Халықтың құқықтық санасының әрі мемлекеттік 
басқару жүйесінің арқауы кең ауқымды жеті баптан тұратын, Тэуке ханның «Же- 
ті жарғысы» деген атқа ие болған Ел заңы:
1- бап: Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.
2- 
бап: Түрік будун мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына 
бұйырылсьш.
3- 
бап: Қағандық ішінде жазықсыз кісі өлтірген кісілер өлім жазасына 
бұйырылсын.
4- 
бап: Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзушьшарға өлім 
жазасы бұйырылсын.
5- 
бап: Өреде тұрған, тұсаулы түрған сәйгүлік атты үрлаған кісіге өлім жазасы 
бұйырылсын.
6
- бап. Төбелесте мертігудің түріне қарай мүлік түрінде құн төленсін.
аі
Біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса 
қыздың қалың малын береді.
э/ Төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
7- 
бал: Ұрланған жьшқы, өзге де қүнды мүлік үшін он есе артық айып 
төлеттірсін72.
VIII ғасырдың басында жазылған аталмыш ескерткіштердің стилі XIV-XV ға- 
сырларға дейін жеткен. Бұл жазба ескерткіштердің қатарына «Қорқыт ата» 
кітабы мен «Оғызнаманы» да жатқызуға болады. Олардың өзара стильдік айыр- 
машылықтары болғанымен оқиға желілері, баяндау үлгілері, дүниетанымдық 
арқаулары өте ұқсас.
Бүл аталмыш жазба ескерткіштердің барлығының да мазмұнын тэңіршілдік 
көктей өтеді, олардың дүниетанымдьщ өзегі ретінде көрінеді. Мысалы, көне 
түркілердің космогониялық түсінігін мына сөздерден бағамдауға болады: «Жоға- 
рыда Көк тәңірі, төменде Қара жер жаралғанда екі арасында кісі оғлы жаралған 
екен». Олардың үстінен қарайтындар «Тэ^іріден болған», яғни қағандық үстем- 
дікке ие болатындар Бумын, Істемі, Білге қағандар еді. Аспан-жердің, тау- 
ойпаттың кереғар ұғымдар екенін диалектикалық қарама-қарсылықтардың 
бірлігі екендігін көне түркілер үстірт болса да пайымдай алды ма? Әрине, алай- 
да мұндай көзқарас аңғалдықпен, көмескі топшылаудан ада емес еді. Оның 
үстіне тэңіршілдік, анимизм мен тотемдік көзқарастар үстем болды. Сонысына 
қарамай Аспан (Көк тэңірі) мен Қара жер (Жер-ана) аралығында ғұмыр кешкен 
адамзаттың екі тапқа бөлінуі де адамдардың қарама-қарсы екі жаратушының 
кайсысына «жақын» екендігі туралы, әпсаналармен тығыз байланысты болған- 
дығын көруге болады73.
72 Өмірәлиев Қ. VIII-XU ғ. көнетүркі эдеби есксрткіштері. - Алматы, 1985. - 17-18-6.
73 Ө мірәлиев Қ. VIII-XII ғ. көне түрік әдеби ескерткіш тері. - Алматы, 1985. - 17-18-6.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет