Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет27/305
Дата15.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#122800
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Тақырып бойынша сүрақтар:
1. Коне грек философиясының қалыптасуы мен дамуындағы софистер мен Сократтың рөлі 
қандай болды?
2. Философияның өзіндік анықгалуы жэне мифтен ажыратылу үдерісі қалай жүрді?
3. Антикалық философияның қалыптасуы мен дамуында Милет мектебінің рөлі қандай болды?
4. Элеатгар мекгебінің негізгі қағидаларын атай аласыз ба?
5. Пифагоршылар жэне олардың сан категориясы жайлы баяндаңыз.
Классикалық философия
Антика философиясының екінші кезеңі атақты ойшыл-философ 
Сократтың
(б.д.д. 469-399 ж.) есімімен тыгыз байланысты болғандықтан, «Сократтан кейін- 
гі» немесе «классикалық кезең» деп аталады. Ол жазбаша еңбектер қалдырмаған, 
оның философиялық көзқарастары бізге Платон, Аристотельдердің еңбектері 
арқылы жетті. Сократ ауызша пікір таластырып, диалог арқылы өзінің қарсы- 
ластарын қарастырылып отырған мәселе туралы жаңа, тың білімге әкелуге ты- 
рысты. Бүл жолда ол мысқылдауды ақиқатқа жетудегі таным құралы етіп алады. 
Сократ қарапайым, түк білмейтін адам сияқты көрінеді де, қарсыласына олардың


Классикальщ философия
31
өздері жақсы білетін сұрақтарды қояды, қарсьшасы ол сұрақтарға жауап берген- 
нен кейін, тағы да алдын ала дайындалған сұрақтар қойылады, сөйтіп, қарсыласы 
өзінің бастапқы айтқан пікіріне өзі карсы пікір айта бастайды. Осы кезде Сократ 
мысқыл-кекесінмен қарсыласын менменшіл, өзім білем сияқты пікірінен толығы- 
мен арылтады да, енді онымен бірге өзі де көтерілген мәселені айқындай түсуге, 
реті келсе, оған түсініктеме беруге тырысады. Сөйтіп, Сократ өзінің қарсыласын 
қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы біртіндеп ақиқатқа жақывдата түседі. 
Өзінің осы тәсілін ол майевтика (дүниеге келетін сэбиді қабылдау өнері деген 
мағынада) деп атайды. Майевтиканьщ мақсаты қарастырып отырған мәселеге 
түсініктеме бере отырып, осы сияқты құбылыстардың бэрін қамтитын жалпы 
ұғымды қалыптастырмақ болады. Бұл ретте қарсыластары ол ұғымды қалай 
қалыптастыру керектігін түсінбегендіктен, ол «Мен өзімнің түк білмейтінді- 
гімді білемін» деген қағиданы өз философиясының негізгі қағидаларының бірі 
етіп басшылыққа алды. Осыдан келіп, ол екінші қағиданы ұсынады, ол - «өзің- 
ді-өзің танып-біл!». Өзіңді-өзің тану деген - өзінді қоғамдық, әдептілік тұлға 
ретінде қарастыру арқылы барлық адамдарға тэн өнегелі негізгі қасиеггтері төңі- 
регінде этикалық ұғымдар қалыптастыру. Сократтың пікірінше, моральдық өл- 
шемдер - обьективтік құбылыстар. Ал жақсылық пен жамандықтың арасындағы 
айырмашылық салыстырмалы емес, абсолютті бағытта болады. Сондықтан со- 
фистер сиякты бағыттылықты пайдальшықпен теңестіруге болмайды, керісінше, 
бағыттылық игілікке пара-пар. Жақсылық жасағанда, ол жақсылықтың не екенін 
білген дұрыс. Егер адамдар жақсылықтың да, жамандықтың да не екенін, олардың 
табиғатын түсініп-білетін болса, онда олар еш уакьггта да жамандыққа бармас еді. 
Жамандықтың өзі жақсылықтың не екенін білмегендіктен болатын салдар. Сон- 
дықтан адамдар баюға, жумыс бабында жоғарьшауға, мемлекеттік басқару ісіне 
араласуға, т.б. құмартпаулары керек, керісінше, «өз қамынды өзің ойлап», өзіңді- 
өзің өнегелілік, интеллектуалдық жағынан көтер, бұл ретте адамдарға философия 
көмек береді.
Өмірінің соңғы кезінде Сократқа жастарды бұзды, құдайларды жоққа 
шығарды деген кінэ тағып, ол у ішіп өлуі керек деген үкім шығарады. Түрме- 
ден қашып шығуға (ізбасарларының көмегімен) мүмкіндігі бола тұра, ол мем- 
лекетте қабылданған жэне өмір сүріп тұрған заңды бұзбау керек деген пікір- 
ді желеу етіп, б.д.д. 399 жылы өзінің достарының, ізбасарларының алдында 
у ішіп өледі. Сократтың өмірі оның ілімінің қалай іске асқандығын көрсетіп 
берген гажайып өмір болды. Сократтың: «Әр адамның өз пікірі болуы мүмкін, 
бірақ ақиқат олардың бэріне ортақ - ол біреу ғана» деген тұжырымы, сол сияқ- 
ты ұғымдардың ауыспалылыгы туралы (кейбір жағдайларда олардың бір-біріне 
ауысып отыратындыгы туралы) идеялары өзінен кейінгі ойшьшдарға үлкен эсер 
етіп, ұғымдар диалектикасы туралы ілімнің қалыптасуына жэне дамуына ойтүрт- 
кі болды.
Рақымшылдық жэне бақыт туралы Сократтың ілімдері б.д.д. V-IV ғасырларда 
кең стек алған екі философиялық мектептің - киниктер мен гедонизмнің этикалық 
ілімдерінің өзекті мәселесіне айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет