Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 0 4 А V III тарау. Крзак, философиясы



Pdf көрінісі
бет275/305
Дата15.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#122800
түріОқулық
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

3 0 4
А
V III тарау. Крзак, философиясы
ақын ағасы Абаймен туысқандық немесе ұстаздық шэкірттік байланыста ғана 
емес, бертін келе тендес-тізелес ақындық дәрежедс сыйлас, мәжілістес болып, 
Абай маңында өтіп жатқан эңгіме дүкеніне қатысып (араласып), оның мэнін, түп 
төркінін терең түсініп, санаға сіңірген Шәкәрім өз танымын Абай өлеңдерін жат- 
таумен ашудан бастауы кездейсоқ нәрсе емес.
Мұхтар Әуезов «Абай ақындығының айналасы» аггы мақаласында «Абайдың 
өз тұсында, өз дэуірінде еңбек еткен» ақындар туралы айта келіп: «Мұндай ақын 
- төртеу, - дейді, - оның екеуі Ақылбай, Мағауия - Абайдың өз балалары. Қалған 
екеуі - Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын - Абайдың нағыз толық мағынадағы 
шәкірттері. Абайдан аталық, ағалық, ұстаздық тәрбие алудан басқа оның өлең мен 
қара сөздерін оқушы эрі таратушы, бағалаушы, түтынушы болудан басқа, бұлар 
Абай басшылығымен өз жандарынан жырларда жазған. Абай оларға тақырып 
беріп, өлеңдерін сынайды, түзейді, қалай түзеудің жолын айтады. Дэлін айтқанда, 
мыналар Абайдың ақын шәкірттері есепті де, Абай алды оларға жазушының 
мектебі сияқты болады»126.
Ақынның баласы Ахаттың айтуынша, Шэкэрімнің өзі: «Мені Абай тәрбие- 
леді, ол болмағанда менен кім шығатыны неғайбіл еді, барыммен Абайға қарыз- 
дармын», - дейді екен. «Абай үлгісі» деп аталатын өлеңінде Шэкэрім ұстазы ту­
ралы былай дейді:
Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық, 
Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық. 
Жүз айтқанмен өзгенің бэрі надан, 
Жалынамыз Абайға, жүр, баралық127.
Рас, Шәкәрім көптеген өлеңдерінде Абайды ұстаз тұтады, бірақ бұған қарап 
оны Абайды жай қайталаушы ғана десек, мүлде қателескен болар едік. Басын- 
да еліктегенімен, кейін оны кайталамай, өзіндік дербес ой танымын көрсете 
білді. Өйткені Шэкэрім шығармаларының ерекшелігі оның көзқарасындағы 
айырмашылықтар ақынның дүниетанымының өзін қоршаған өмірді суреттеуінің 
өзгеше екенін өзіне тән өрнектері мен бояуларының бар екенін дэлелдейді.
Шәкәрім Қүдайбердіұлы Абайдың рухани дэстүрлерін жалғастырып, эпика- 
лық жанрдьщ дамуына үлкен үлес қосқан ірі ақын және ойшыл болды. Ақын 
есімі халық арасына кеңінен мәлім, оның шығармалары ауыздан-ауызға ауысып, 
біреуден біреу көшіріп алу арқылы жұрт арасында кеңінен таралып кеткен. Ол 
өзінің ұстазы Абай секілді үлы философ ақын, шығармаларында өмір шындығын, 
қоғамның әлеуметтік қарама-қайшылығын, халықтың ауыр тірлігін көрсетіп, оған 
жауап беруге тырысты. «Өмір бойы бір рет жалған сөйлей білмеген ақын «не 
істеуіміз керек?» - дегенді түсіндіру үшін көбінесе «не істеуім керек?» - деген 
сұраққа жауап береді128.
Әкесінен жастай жетім қалған Шәкәрімнің өзінің ағасы ақын Абай Құнан- 
баевтың отбасында тәрбиеленуі, оның үдайы ұстаздық өсиеттері дүниеге көзқа- 
расының қалыптасуына, поэтикалық шеберлігінің шыңдалуына үлкен эсер етті,
126 Әусзов М.О. Абай Құнанбасв: мақалалар мен зсрттеулер. - Алматы: Ғылым, 1967. - 244-6.
127 Ш әкәрім. - Алматы: Жазушы, 1988. - 19-6.
І28Ш әкәрім. - Алматы: Жазушы, 1988. - 19-6.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет