332
Ф илософии тарихы
Осы тұрғыдан алғанда, қазақ философиясы тарихын жаңа
методология тургы-
сынан зерттеу қажеттілігі туындап отыр. Бірінші жэне басты мэселе — философия-
лық тақырып ретінде қандай ауызша жэне жазбаша әдебиеттердің, құжаттардың
негіз боларын жан-жақты зерделеп алу. Осымен коса вербальдық жэне вербальдық
емес ескерткіштерді философия тарихын зерттеуде қалай қолдануды анықтама-
йынша, бул процесс күрделенуі мүмкін. Сциантизм. логоцентризм тар шеңберлі
вербальдау қазақ рухани өмірін танып-білуде қазіргі ғылымның өткен кезі деп
қарастырылғаны жөн шығар.
Шығыс және Батыс философияларын тікелей әрбір заман бойынша салысты-
ру методологиялық қателік, ал қазақ философиясы тарихы жағдайында мүлде дұ-
рыс емес нэтижеге жетелеуі айдан анық. Отандық философия мәдениет аясында
өмір сүріп, ауыр да күрделі конструкциялардан алшақтап, ізгілік,
моральдық,
антропологиялық және тарихи мәселелерге ден қойды. Осыларды қазақ филосо-
фиясының жетістіктері ретінде қарастырып, оның дамуындағы рөлін ашып кор
сету қазіргі кездегі басты міндет болары хақ.
Осы тұрғыдан алғанда, туғанына 500 жыл толып отырған ұлы бабамыз - ой-
шыл, тарихшы, мемлекет қайраткері Мухаммед Хайдар Дулати шығармашылы-
ғындағы тарихи-философиялық ойларды қарастыру үлкен мэселе.
XVI ғасыр-
дың ұлы ескерткіші болған, орталық Азия тарихына арналған Мухаммед Хайдар
Дулатидің «Тарих-и Рашиди» шығармасы ғылыми ортада кеңінен танымал болып
отыр. Бұл шығарманың маңыздылығы соншалықты, біз мұнда Қазақстан, Өзбек-
стан, Қырғызстан, олардың тарихы, аумағы туралы
тың мәліметтерді кездесті-
реміз. Бұл дерек-мәліметтерді зерттеу, зерделеу - ізденушілердің үлкен парызы.
Қазақ хылқының рухани мұралары ішіндегі ең құнды шығармалардың бірі деп
осы улы бабамыз Мухаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» шығармасын
атауға болады. М.Х. Дулати шығармасында адамгершілік,
адам құндылықтары,
әлем, дүние, өз замандастары туралы үлкен философиялық толғаныстар,
пайымдаулар бар. Әсіресе М.Х. Дулатидың әдемі эдеби тілі, кітаптың мазмұ-
ны, ондағы тарихи-әдеби құндылықтар, тарихи бүкпесіз
дәлелдер автордың өз
шығармасына деген үлкен жауапкершілігін, білімдарлығын, ұлылығын айқын
көрсетеді. Қазақ ғалымдары М.Х. Дулатидың бул мұрасын танып-білу,
біздің
үлкен тарихымыз бен мәдениетіміз, әдебиетіміз, сондай-ақ тарих философия-
сын түсіну үшін маңызды ғылыми дүниелердің бірі болмақ. Біз бұл оқулықта
М.Х. Дулати, оның тарихи дүниетанымы мен философиялық
көзқарастары жө-
нінде толық мэлеметтерді кейінгі зерттеулерге қалдыруды жөн көрдік. Себебі
М.Х. Дулати мұрасы арнайы зерттеулерді қажет етеді. «Тарих-и Рашиди» тек
тарихи ескерткіш емес, сонымен қатар үлкен эдеби ескерткіштердің қатарына
жатады. Сондықтан да бул туралы біздер үлкен жауапкершілікпен зерттеп, зер-
делеуіміз қажет. Шығармадан М.Х. Дулатидың өз заманын,
ондағы тарихи
оқиғаларды нэзік сезінген, дұрыс түсіне білген ұлы ойшыл, қайраткер тұлғаны
көреміз. Әсіресе оның қазақ тарихы үшін белгісіз болып келген көп мэліметтер-
ді өз шығармасында келтіруі біздер үшін, тарихшылар үшін үлкен маңызға ие.
М.Х. Дулати дүниетанымы, философиялық ойшылдығы, тарихты терең түсінуі
оның үлкен
қайраткерлігін, терең білімділігін, ойшылдығын көрсетеді. Соны
мен қатар М.Х. Дулати мұрасының қазақ рухани мэдениеті мен тарихи фило-