Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 6 III тарау. Ортағасырлык, философия



Pdf көрінісі
бет82/305
Дата15.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#122800
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

8 6
III тарау. Ортағасырлык, философия
мен интеллектісіне өте жағымды эсер етеді. Сонымен, қарапайым жэне табиғи 
өмір сүру салтын ұстанатын бәдеуилер, қала тұрғындарына қарағанда діншілдік- 
тері мен табынуға деген құштарлықтары арқьшы ерекшеленеді, қала тұрғындары- 
ның бойындағы бейқамдық шынайы діншілдікке қол жеткізуге қатты кедергі кел- 
тіреді. «Қала мәдениетінің турғындары, - дейді философ, жайлылық пен ерке- 
ліктің құс жастығына салтанатты отырады, әдемілік пен лэззатқа батады, ал өзі 
мен өзінің ақшасын қорғау ісін өздерінің бастықтарына, билеушілер мен әскери 
гарнизондарға жүктеп қояды, олардың қоршаған қорғандары мен бекіністеріне 
сүйенеді... Олар қару-жарақты ұмытқан, осылай бірнеше ұрпақ бойы жалғасып 
келеді. Олар әйелдер мен балаларға жақын болып кеткен... Бұл - олардың табиғи 
кұбылысы ретінде қабылданып кеткен мінездері...».
Ойшыл билеушілер арасындағы «и’сраф» («ысырапшылдық») секілді қасиет- 
тің таралуына қарсы шықты. Оның ойынша, қай билеуші болмасын, оның билігі- 
нің аяқталып келе жатқандығын жіберген ысырапншлдық деңгейіне қарап білуге 
болады. Мұндай ысырапшылдықтың элеуметтік зияны өте зор, өзінің еркелігін 
қанағаттандырамын деп, биліктегілер халыққа ауыр салықтар мен міндеткерлік- 
терді артып қоюды бастайды, соның әсерінен соңғысының өнімділігі жоғалады; 
осының кесірінен ең бірінші сауда-саттык; зардап шегеді, жерлер құртылады. 
Халық кедейленіп, өздерінің қанаушыларын жек коре бастайды, нәтижесінде, 
оларға қарсы шығады.
Басқа жағынан, ысырапшылдық адамдардың мүлде міндетті емес қажет- 
тіліктерді міңдетті етіп жариялап алуларына да алып келеді. Нәтижесінде, тіп- 
ті кедейлердің өзі заңды бұзып жатқандарына жиренбестен осы қажетгіліктерді 
қанағаттандыру жольмен жүре бастайды. Алдау, құмар ойындар, ұрлық, жалған 
уэде беру күнделікті құбылыстарға айналады. Олай болса, құндылықтардың 
мұндай дэрежеде құлдырауы Құранмсн көрсетілген өзгермейтін құдайылық 
заңның пайда болуьша себепкер болады: «Біз қандай да бір қыстақтың тұр- 
ғындарын жойғымыз келген кезде, біздің еркімізбен байлар оларды әділетсіз- 
дікпен сатып кетті, сондықтан алдын ала анықтау жүзеге асты, жэне Біз оларды 
дымдарын қалдырмай жайпап кеттік» (17:16).
Демек, ойшыл үшін бақыт, ең бірінші, шариғаттың шартгарына сену және 
оларды асқан ұқыптылықпен ұстануда жатыр, перипатетикалық философтардың 
қиялшыл ойларына еруде емес.
Ибн Халдун үшін білім, білімді адамдар, яғни ғалымдар көп дэрежеде иелік 
ететін қандай да бір жанның қабілеттілігі болса, онда мұндай адамдармен қарым- 
қатынас жасау айналадағы адамдарға өздерінің ішінде ғылымға деген күштерін 
(«малякат») ашу үшін көп көмегін тигізер еді. Бұл - жай ғана ақпаратпен алмасу 
емес, қабілетті шэкіртке нақты бір өмір сүру салтын жэне ойлану түрін, қандай да 
бір өмірдің философиялық жағын жеткізу үрдісі. Сондықтан философ үшін білім 
беру ғылымның бөлінбейтін бөлшегі іспеттес.
Білім беруде негізгі үш баспалдақ бар деп санаған ибн Халдун. Бірінші 
баспалдақ жетекшісінің өзінің шәкіртін зерттеп жэне оның таланты мен қабілет- 
тілігін айқындауцы білдіреді, сонымен бірге соған сай оның оқу бағдарламасын 
құрастыру жатады. Екінші баспалдақтың барысында олардың арасындағы эр- 
түрлі мәселелер мен көпқырлы көзқарастарына назар аудару қажет. Шәкіртке




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет