Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


j"japcbi тілді ислам философиясы



Pdf көрінісі
бет95/305
Дата15.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#122800
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

j"japcbi тілді ислам философиясы
105
сипаты Заратуштраның шындығына сенетін дін секілді белгілі. Парсы қоғамында 
сиқыршы мен абызға табынушылықты жойғысы келген, адамдарды Бір Құдайға 
сендіргісі келген Заратупггра оқуының негізінде Ахура Маздаға лайықты жақсы 
сөздер, әрексттер, ойлар, адамның еркі бойынша адамгсршілік таңдауы жатыр. 
«Ахриманда» көрсетілген жаман күштермсн Жер бетінде күресе отырып, жан 
жекелігін жоғалтпай, «Жарықтықпен» байланысып, өмір бақилық рақатқа бөле- 
неді. «Авеста» Зороастризмнің қасиетті кітабы болып есептеледі жэне бір бө- 
лімінде ғарышнама сипаттағы мэтіндер кездсседі. Осы ғарышнаманың негізгі 
кағидаттары ислам философы Сухраверди әл-Мактұл еңбектерінде көрінеді. Фи- 
лософтың басты терминдері - зороастризм дуализмінің негізгі түсінігі - «жарық» 
пен «қараңғылық». Кейде «Ахура Мазда» дслінген «Жарық» - «Құдайлық жақсы- 
лық» болып, эдемі мен жақсьшықты бейнелеген; «Қараңғылық» - «Жаман рух 
және Құдай» - «Ахриман» көрінісі. Зороастр «Ахриманды» «Ахура Мазданың» 
манифестациясы ретінде қарастырған жэне монотеизмге шақырды. Ол қайтыс 
болған соң оның ізбасарлары Құдайдың бір екендігіне сенген жэне жамандық 
құдайға тэн емес деп есептеген екі топқа бөлінді. Соңғысы болмыстың табиғатына 
назар салып, «Ахура Мазда» мен «Ахриманды» бір-бірінен тәуелсіз құдайлар деп 
таниды.
Заратуштраны ұстанған Мани (216-273 немесе 276) буддизмнен идея алып, 
болмысты жамандық пен қайғы деді. Адам бойында жамандық пен жақсылық 
араласып кеткен, жақсылық - «Жарық», құрамы бойынша барлық заттармен 
байланысқа түсетін жамандық - «Қараңғылықпен» активті бола алмайды. Фи- 
зикалық элемге аз көңіл бөлсеңіз, жан материалдық әлемнен босап, «Пид жэне 
вазарги» («Ұлылық экесі») - Жұмақ патшалығына жете алады.
Иран ойшылы Маздак (V ғ. ортасында өмір сүрген) заттардың көп болуы 
«Жарық» пен «Қараңғылы қтың» араласуынан туындайды, алайда бұлар соң- 
ғылардың жэне адамдардың еркіндігімен туа байданыспайды деп үйретеді. Деген- 
мен Маздак бойынша Құдай бар жэне Құдайдың: сана, түсіну, ее, рақаттану сияқты 
төрт қасиеті бар. Осы торт энергия, торт манифестацияға ие больш, Ғаламның жүрі- 
сін анықтайды. Маздактың еңбектеріндегі негізгі элемент - коммунизм болып отыр. 
Маздактың ойы бойынша, барлық адамдар бірдей. Жеке иелікті Ғаламды шексіз 
қайгыға (16-17) айналдырғысы келген жындармен енгізілген. М. Иқбал айтқандай, 
«Зороастризмнің моральды энсргстикалық идеясы Ғаламның пайда болуы туралы 
сәл де болса рухани бояу берді, исламға дейінгі парсы метафизикасының жалпы қо- 
рытындысы ретінде материалдық дуализм шығады. Парсы елінің интеллектуалды 
өмірінде барлық болмыстьщ бірлік қагидаты философиялық ұстын секілді, тек бет 
жагьшан қаралды. Заратуштра ізбасарларының арасында қарама-қайшылықтьщ бо­
луы Ғаламды монистикалық тұрғыда түсіну бағыты болғанын растайды. Алайда, 
өкінішке орай, исламға дейінгі парсыда ойлардың пантеистикалық бағыты туралы 
ешқандай дәлелдер жоқ». Бірақ Икбалдың сөздері шиитгік исламды сенімді, өзі- 
нің бояуымен бояған парсы мәдениетін түсінуге маңызды қадам. Яғни парсьшар 
отырьщшылық-қалалық мэдениетке бай дамуцьщ жоғарғы деңгейінде болтан, олар 
эрқашан мәдениетін сактауға ұмтылатын, ислам жаһандануының шекарасьшда 
болғанмен де метафизикалық тақырьштарда диалектикасы дэстүрлі ислам фило­
софиясы бөлімінде қарастырылған, исламды дәстүрлі түсіну негіздерін қамтиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет