Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті


«Абай жолы» роман-эпопеясының ұлттық және әлемдік құндылығы



Pdf көрінісі
бет34/76
Дата15.11.2023
өлшемі7,03 Mb.
#122809
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76
Байланысты:
Kazak adabietijar

«Абай жолы» роман-эпопеясының ұлттық және әлемдік құндылығы

Роман-эпопеяның құндылығы жоғары. Ал құндылық қазақ халқы үшін де, 
әлемдік деңгей үшін де ортақ маңызды, яғни олар бөлінбейтін тұтас ұғым. 
Ең алдымен, жазушы қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 
өмірі мен ақындық, азаматтық тұлғасын кең ауқымда танытты. Сондай-ақ 
бұл шығармада XIX ғасырдағы қазақ қоғамының тұрмыс тіршілігі, салт-


111
дәстүрі туралы мол ақпарат берілген. Туынды патшалық отаршыл саясат-
тың әділетсіздігін көре жүріп, еш қиындыққа мойымаған қазақтың қай-
раткерлігін суреттеулерімен бағалы.
Шығармадағы кейіпкерлер арқылы қоғамдағы шындық ашылған. Ро-
ман-эпопеяда қазақ халқының рухани мұрасы жан-жақты қамтылған, 
фольклорлық жанрлар, салт-дәстүрлердің мейлінше кең ауқымда қам-
тылуы туындының құндылығын өміршең етеді. Ал фольклорлық мұра – 
ұлттық құндылық. Сондықтан әлемде әр ұлт өзінің ата-бабасынан қалған 
рухани мұраны мақтаныш етеді. Өйткені рухани құндылық әр халықтың
төл мәдениетін, ерекшелігін, тамыры тереңде жатқан тарихы бар екенін
танытады. Ендеше қазақ халқы да әлемнің көптеген тіліне аударылған 
Мұхтар Әуезовтің «Абай жолын» мақтаныш етеді. Осылайша Мұхтар 
Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы ұлттық және әлемдік деңгейдегі 
құндылығымен маңызды. 
Қорыта айтқанда, Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы ұрпаққа мәңгі
қызмет етеді. Өйткені көрнекті жазушының шығармаларында ата-баба-
ларымыздың басынан өткен тағдырлар, халқымыздың құнды дәстүрлері, 
қайталанбас сөз өнері еш уақытта маңызын жоймайды.
Артық болмас білгенің
ҚАРАДАН ШЫҚҚАН СҰЛТАН
Құнанбай Өскенбайұлы (1804-1886) – Абайдың әкесі, аға сұлтан, қоғам қай
-
раткері. Оның әкесі Өскенбай Ырғызбайұлы Тобықты руын билеген беделді 
адам болған. Өскенбайдан басталған билікті оның ұрпағы 150 жыл бойы, кеңес 
өкіметі орнағанға дейін сақтаған. Оның сұлтан деп танылуы төре тұқымы болуы
-
мен байланысты емес. 
Құнанбай Өскенбайұлы оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөлген. Өз ауылында қа
-
зақ балаларды оқыту үшін училище ашпақ ниеті болып, шекара бастығына хат 
жазып, екі тілді, яғни қазақ және орыс тілдерін білетін мұғалім сұраған. Шега
-
ра бастығы екі тіл білетін мұғалім жоқ екенін айтып, уақытша тілмашты жібе
-
реді. Кейін «Ескі там» деген жерде мектеп ашып, онда орысша сауатты Ғабитхан 
Ғабдыназарұлы деген ноғайды мұғалім етіп жіберген. Осы мектепте оның өз ба
-
лалары да алғашқы сауаттарын ашқан. Құнанбай балаларының кейін де жақсы 
білім алуларына жағдай жасаған. 
1849 жылы Қарқаралыда мешіт салдырған, 1874-1875 жылдары Меккеге қа
-
жылыққа барған. Онда мұсылман елінен баратын адамдар үшін Тәкие үйін сал
-
ғызған деп айтылады. 


112
ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕР
1903 жылдың жазында киіз үйдің 
ішінде түсірілген сурет. 
Бірінші 
қатарда:
Пәкизат (бөрік киіп отыр-
ған қыз бала), Тұрағұл, Әубәкір 
отыр. Пәкизат пен Әубәкір екеуі – 
Ақылбайдың балалары. Абайдың 
інісі Оспан оларды бауырына салып, 
өз баласы санаған. 
Екінші қатарда:
орындықта отырған Абай, Еркежан, 
Камалия (Әубәкірдің әйелі). 
Үшінші 
қатарда:
Мағауия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет