Артриттер
көптеген инфекциялық аурулар (қызамық, вирусты
гепатит, АИВ-инфекциясы, боррелиоз, бруцеллез, туберкулез, мерез
154
және т.б.) кезінде пайда болады. Жедел бактериальді артритке (әдетте
бір ғана буын зақымдалады) буынның кеңеттен ауырсынуы,
қабынудың барлық жергілікті белгілері, жергілікті лимфоденитпен
және гектикалық қызбамен бірге жүретін буын қуысында іріңді
экссудат жиналуы тән.
Рейтер
ауруы
(реактивті
артрит)
иммунды
қабынумен
шақырылатын
урогенитальді
және
ішек
инфекцияларымен
ауырғаннан соң дамиды. Бұл ауруға аяқ буындарының басым
зақымдалуымен көрінетін
ассиметриялы олигоартрит
(2-3 буынның
қабынуы); талалгия, сонымен қатар көздің (конъюктивит, увеит) және
зәр шығару жолдарының (уретрит) қабынулық өзгерісі тән.
Жаңа
буындардың
біртіндеп
қосылуымен,
деформациямен,
«таңертеңгілік
қозғалыс
шектелу»
синдромы,
қызметінің
бұзылысымен,
шеміршекті
және
сүйекті
құрылымның
зақымдалуымен, шығулардың және жартылай таюдың дамуымен
өтетін
симметриялық артрит
ювенильді ревматоидты артритке тән.
Ауыспалы эрозивті емес полиартрит
жедел ревматикалық қызбаға,
ЖҚЖ-ге, геморрагиялық васкулитке, дерматомиозитке және басқа
ревматикалық ауруларға тән.
Омыртқа ригидтілігімен бірге жүретін буын зақымдалуы
ювенильді спондилоартрит немесе анкилозирленген спондилоартрит –
Бехтерев ауруының дамуын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: