Сурет 8-12.
Жүрек тондарын
тыңдау классикалық нүктелері:
1 – митральды қақпақша
нүктесі (жүрек ұшы, әдетте 5
қабырғааралықпен сол бұғана
орта сызығы бойынша 1-1,5 см
ішке); 2 – қолқа қақпақшасы
нүктесі (төстің оң жағымен 2
қабырғааралықта); 3 – өкпе
сабауы нүктесі (төстің сол
жағымен 2 қабырғааралықпен);
4 – үш жармалы қақпақша
нүктесі (төстің төменгі үштен
бірі); 5 – Боткин-Эрба нүктесі,
қолқа мен митральды
қақпақшалардың қосымша
нүктесі (III-IV сол
қабырғаларының төске бекіген
жері)
228
Жүрек тондары
Дені сау баланың жүректің
барлық
аймақтарында екі тон тыңдалуы мүмкін
(сурет 8-13, кесте 8-7)
І
және
ІІ
тондар
интервалы
систолаға сәйкес, ересектерде әдетте ол
диастоладан 2 есе қысқа.
Эмбриокардия
–
І
және
ІІ
тондардың
дыбыс айқындығы бірдей,
тондар аралық интервалы тең маятник
тәріздес ритм.
Өмірінің алғашқы екі
аптасы бойында эмбриокардия қалыпты
вариант деп есептеледі.
Аускультация кезінде қажет:
- жүрек тондарын анықтау;
- тондар
дыбысының тембрін және
тұтастыған бағалау;
- жүрек ритмінің дұрыстығын бағалау;
- І және ІІ тондардың дыбыс
айқындығының қарым-қатынасын бағалау.
Балаларда өмірінің алғашқы күндері
жүрек
тондарының
физиологиялық
әлсіздігі байқалады, кейін балаларда жүрек
тондары үлкендерге қарағанда үнділігімен
және анықтығымен ерекшеленеді.
Орташа
әлсіз естілетін тондар тұйықталған, тым
әлсіз – тұйық деп атайды.
І және ІІ тондарды үнділігі
бойынша
ерекшеленеді. Тондар үнділігінің қарым-
қатынасы жасына қарай өзгереді.
Нәрестеде алғашқы 2-3 тәулікте жүрек
ұшында және Боткина-Эрба
нүктесінде ІІ тон І тоннан айқынырақ. Кейіннен олардың үні теңеседі, ал 2-
3 айдан соң І тон басым естіледі.
Өмірінің бірінші жылында жүрек негізінде І тон жақсы естіледі,
кейін тондар үні теңеседі, ал 2 жастан соң ІІ тон басым естіледі.
Достарыңызбен бөлісу: