Оқулық «гэотар-медиа»


Басішілік гипертензиялық синдром



Pdf көрінісі
бет41/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

Басішілік гипертензиялық синдром 
бас іші қысымының 
жоғарылауымен, жиі ми қабықшасының және субарахноидальды 
кеңістіктің кеңеюі қосарлануымен сипатталады. Кей кезде бас 
көлемінің ұлғаюы, сәбилерде бас тігістерінің алшақтауы, үлкен 
еңбектің тампаюы және ұлғаюы, бас сүйегінің милық және беттік 
бөліктерінің 
диспропорциясы 
(гипертензионды-гидроцефальды 
синдром) пайда болады (4-13 сурет). Бұл балалардың айғайы 
шыңғырық, ауырсынумен, «милық». Ересектеу балалар жиі бас 
ауруына шағымданады, алайда бұл шағым осы синдромға тән емес. 
Оны жиі невроз, көз, құлақ аурулар, токсико-инфекциялық жағдайлар 
кезінде және т.б. бақылайды. VI бас сүйек нервісінің зақымдалуы, 
«күн бату» симптомы (жоғарғы қабақ пен нұрлы қабық арасында 
айқын білінетін аққабық жолағының пайда болуы – көз алмасының 
«құлау» әсерін тудырады), спастикалық сіңір рефлексі – тұрақты 
басіші гипертензиясының кешеуілдеген симптомы. Кейде бас 


перкуссиясында «жарылған құмыра» тәрізді дыбыс байқалады. Кейде 
горизонтальды, вертикальды не ротаторлы нистагм пайда болады. 

Тырысулар 
– әр түрлі ұзақтықтағы ұстама түрінде кенеттен пайда 
болатын, еріксіз бұлшық ет жиырылулары. Клоникалық тарысулар 
(қысқа біркелкі емес уақыт аралығында, жылдам бірінен соң бірі 
жалғасатын бұлшық ет жиырылуы) және тоникалық тырысулар (ұзақ 
бұлшық ет жиырылуы) ажыратылады. Жиі нәрестелерде дене 
бөліктерінде ретсіз пайда болатын клоникалық тырысулар дамиды. 
Кейде тырысулар жалпы дірілмен соңынан құлашты қол треморымен 
байқалады. Нәрестелерде тырысудың себебі мидық даму ақаулары
ОЖЖ 
перинатальды 
зақымдануы, 
гипертермия, 
жайылған 
құрсақішілік инфекция, бас ішілік қан құйылуы, метаболиттік 
бұзылыстар 
(гипогликемия, 
гипокальциемия, 
гипо- 
және 
гипернатриемия, гипербилирубинемия, гипераммониемия), жүктілік 
кезінде анасы дәрілер қолданудан немесе алкогольге тәуелділіктен 
пайда болған абстиненция синдромы болып табылады.


Сурет 4-12. 
Бет нервісінің сол 
жақты парезі. 
Зақымданған аймақта 
мимикалық қозғалыстар жоқ, көз 
саңылауы кеңейген, қабақтары 
қысылмайды, мұрын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет