Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет51/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

79 


Сурет 4-23. 
Құлақ құрылысы (сұлба): 1 – құлақ қалқаны; 2 – сыртқы есту жолы; 3 – 
дабыл жарғағы; 4 – балғашық; 5 – төс; 6 –
үзеңгі; 7 – есту (евстахиев) түтігі; 8 – 
вестибулярлы аппарат; 9 – ұлу; 10 – есту нерві 
 
 
Нәрестелердің есту 
анализаторы
құрылымының 
ерекшеліктері 

Сыртқы есту жолы тар және қысқа.

Дабыл жарғағы қалың, горизонтальды 
орналасқан, сыртқы есту жолының жоғарғы 
іргесінің жалғасы болып табылады. 

Евстахиев түтігі қысқа, кең. 

Есту анализаторы анатомиялық және 
функционалды қалыптасқан (бала туысымен 
дыбысты қабылдай алады). 
Нәресте естиді және тосын дыбысқа жылайды немесе селк етеді. 
Жүктіліктің соңғы апталарында (сүйектен өтетін дыбыс толқынының 
арқасында) ұрық өте қатты дыбысты естиді. 7-8 аптасынан бала дыбысқа 
тек көңіл аударып қоймайды, сонымен қатар дыбыс тітіргендіргіші жағына 
басын бұрады. 3-4 айлығында басқа дыбыстар арасынан анасының 
дауысын ажырату қабілеті дамиды. Келесі жас кезеңдерінде есту біртіндеп 
және тұрақты жетіле береді.
 
Зерттеу әдістері 
Есту ағзасын зерттеу құлақ қалқаның және көз көрінісіндегі сыртқы 
есту жолдарының бөліктерін қараудан басталады. Соңғы жылдары сыртқы 
есту жолдарын және дабыл жарғағын қарауға отоскоп қолданады.


Сурет 4-24.
Сыртқы есту 
жолдарын қарау
80 
Қарауды 
жақсарту 
үшін 
құлақ 
қалқанын төмен және артқа тартамыз, 
сонда есту жолы тік қалыпқа келеді 
(4-24 сурет). Дені сау балада құлақ 
бүртігіне 
басқанда 
ауырсыну 
туындамайды.
Өмірінің бірінші айларындағы 
балалардың 
есту 
функциясы 
дыбыстық тітіркендіргішке серпілісі 
бойынша зерттеледі (шапалақ не 
сылдырмақ); 
еститін 
бала 
жыпылықтайды не басын дыбыс 
шыққан жаққа бұрады. Ересектеу 
жаста зерттеу қатты дыбысты және 
сыбырлаған дыбысты қабылдауына 
қарай зертейді. Дыбыс спектрінің 
жеке жиіліктерін аудиометрия көмегімен зерттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет