99
Шымшу симптомы: кеуде қуысының алдынан не жанынан, екі
қолдың бас бармақтары мен сұқ саусақтарының арасында теріні
қатпарландырып (екі қолдың саусақтар арасы – 2-3 мм), оның
бөліктерін қатпарға көлденең, қарсы бағытта ығыстырады. Қан
тамырларының өткізгіштігі жоғары болса, шымшыған орнында қан
құйылулар пайда болады.
Балғалық симптомы: ауырсыну тудырмай төс тұсын балғашықпен
ұрғылау керек. Бала терісінде геморрагия пайда болса симптом оң деп
есептеледі.
Демографизмді зерттеу
Тері қантамырларының тонусын бағалау үшін жергілікті демографизм
зерттеледі. Ол үшін саусақтың тырнақ ұшымен сәл басыңқырап кеуде
немесе іш терісіне бірнеше штрих жасалады. Қалыптыда 5-20 сек кейін
симпатикалық әсерді сипаттайтын ақ жолақ пайда болады (ақ
демографизм).
1-10
минуттан
соң
ол
парасимпатикалық
әсерді
сипаттайтын қызыл жолаққа ауысады (қызыл демографизм) және 2
сағаттан артық сақталмайды (сурет 5-22).
Демографизм түрлерінің пайда болу не сақталу уақытының өзгерістері
болған жағдайда симпатикотония не ваготония туралы айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: