Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет83/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

ІСІНУ БОЛУЫ 
 
Ісіну 
алдымен 
тері 
астында 
пайда 
болады 
(құрылымының 
борпылдағынан). 
Қарауда 
ісіну болуын тар киім (белбеу, белдік, резеңке) және аяқ киім 
элементтерінен терең батыңқы із қалуы көрсетуі мүмкін. Ісінген аймақта 
тері домбыққан сияқты, жылтыр. Кейде ісінгенде созылған және керілген 
тері мөлдір болып көрінеді. 
Пальпация.
Ісіну диагностикасына дененің май қабатын аз және 
сүйекке жақын жатқан аймағы қолайлы, мысалы асықты жілік, сегізкөз
төс және т.б. Екі-үш саусақтармен теріні және жұмсақ тіндерді жақын 
жатқан сүйекке 2-3 сек басу. Ісіну кезінде баяу жойылатын шұңқыр пайда 
болады. Шамалы ісінгенде тері асты қабатының қамыр тәріздес 
консистенциясы (пастоздылығы) байқалады. 
Жасырын ісінулерді Мак-Клюр-Олдрич сынағы көмегімен анықтауға 
болады. Ол үшін тері ішіне 0,2 мл натрий хлоридінің изотониялық 
ерітіндісі енгізіледі және пайда болған күлдіреудің сіңу уақытын 
белгілейді. Қалыптыда 1 жасқа дейінгі балады күлдіреу 18-40 минутта, 1-5 
жасқа дейін – 20-50 минутта, 5 дастан кейінгі балаларда 40-60 минутта, 
үлкендерде – 60-80 минутта сіңеді. Сіңудің жылдамдауы организмде 
судың іркілгенін, ал сіңудің ұзаққа созылуы – дегидратацияны көрсетеді. 
Жасырын ісінулерді анықтауға диурезді өлшеу және дене массасының 
өзгеру динамикасын бақылау көмектеседі. Ісінудің айқындығы және 
таралуы әртүрлі болуы мүмкін: пастоздықтан дене қуыстарында 
сұйықтықтың жиналуымен анасаркаға дейін (асцит, гидроторакс, 
гидроперикард). 
 
ЭМФИЗЕМА БОЛУЫ 
 
Қарауда кейде теріасты эмфиземасын табуға болады – ауаның немесе 
газдың теріастында жиналу себебінен терінің қабаруы. Пальпацияда қар 
сықыры сияқты тән крепитация сезіледі, ал басқан жерде шұңқыр қалады. 
Теріасты эмфиземасы трахеотомия асқынуы немесе бронхиальды 
демікпеде, кейде қуысына тесіп өткен жарақаттануда, сирақтың газды 
гангренасында болуы мүмкін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет