Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


классификациялық,  ситуациялық) және идентификациялық болып бөлінеді. Диагностикалық және классификациялық міндеттері



Pdf көрінісі
бет132/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы


классификациялық, 
ситуациялық) және идентификациялық болып бөлінеді.
Диагностикалық және классификациялық міндеттері
дәннің 
немесе басқа да ауылшаруашылық дақылдарының табиғатын, түрін, 
сұрыптық ерекшеліктерін, салыстырылып жатқан жиналған өнімнің немесе 
олардың өңделген заттарының жалпы түрге, жалпы топқа тиістілігін 


155 
анықтауға бағытталған. Оларды шешу кезінде мысалға келесі сұрақтар 
қойылуы мүмкін: 
 

ұсынылған дәнді дақыл күздік немесе жаздық болып табылады ма; 

ұсынылған ауылшаруашылық дақылдарының (немесе оның өңдеу 
өнімдерінің) аталуы және сапалық белгілері қандай; 

аталған егістік алқабында қандай дақылдар қолданылған; 

ұсынылған дақылдар (мысалға, бидай) осы жылғы немесе өткен 
жылдардың өнімі болып табылады ма және т.б. 
Ситуациялық міндеттері 
ұрықтардың себуге дайындау, оларды 
өсіру, сақтау, дәндерді тасымалдау ережелерінің сақталуын, ұрықтардың 
сапасыз болу, өнімнің шықпау және шығындалу себептерін анықтауға 
бағытталған. Оларды шешу кезінде мысалға келесі сұрақтар қойылуы 
мүмкін:
 

белгілі ауылшаруашылық дақылдарын нақты аумаққа себу кезіндегі 
себу нормалары қандай және нақты түрде қандай норма қолданылған; 

егілген егін тұқым сапасының бекітілген стандарттарына сәйкес болды 
ма;

сұрыптау және қосымша әзірлеу кезінде қалдыққа дәнді дақылдарды 
есептен шығару жұмыстары дұрыс жүргізілді ма;

егуге дайындалған ұрықтар сұрыптауға, дәрілеуге, жібітуге және 
баптауға ұшырады ма; 

көрсетілген аумақта көрсетілген ауылшаруашылық дақылының нақты 
көлемі себілгені (егілгені) туралы құжаттардағы (қандай екенін көрсету 
керек) мәліметтер шындыққа жанасады ма; 

ауылшаруашылық дақылдарын өңдеу технологиясы сақталды ма (егу 
нормасы, ұрықтарды егу тереңдігі, егу мерзімдері, егінді баптап-күту, 
суғару нормалары т.б.), бұл технологияның бұзылуы қандай салдарға 
әкеп соғуы мүмкін еді (әкеп соқты); 

қолайлы жағдайлар жасалған кезде осы аумақтан белгілі бір 
ауылшаруашылық дақылының қандай өнімі жиналуы тиіс еді; 

егіннің опат болу (сиректігінің) себептері қандай; сапасы төмен өнімді 
(тауарлық емес) алу себебі қандайауылшаруашылық дақылдарына 
тыңайтқыштың нақты түрлері берілді ма, қандай көлемде; 

топырақ құнарлығының төмендеу себебі қандай; көп мөлшердегі улы 
химикаттарды (гербицидтерді) немесе тыңайтқыштарды қолданумен 
байланысты емес па; тиісті талаптардан ауытқу неде байқалды; ол 
қандай салдарға әкеп соқты (әкеп соғуы мүмкін еді); егінге мал түсуден 
(малдың егінді таптауынан) қандай шығын келтірілді; 

егінді жинау және астықты бастыру агротехникалық ережелерге сәйкес 
келеді ма; егіннің ысырап болуы орын алды ма, егер орын алған болса, 
ол қандай көлемде және қандай себептермен орын алды; 


156 

тамырлы және түйнекті жемістерді сабанмен жабу технологиясы 
сақталды ма; кейбір компоненттерінің құрамы бойынша жемнің сапасы 
нормативті концентрацияларға сәйкес па; 

сақталып отырған ауылшаруашылық өнімнің бүліну себептері қандай; 
сақтау кезіндегі табиғи шығын ретінде дәнді дақылдың осы көлемінің 
есептен шығарылуы негізді ма; 

егінді нақты химикаттармен дәрілеу (қандай түрімен екені көрсетілсін) 
жұмыстары дәннің массасына әсер ете алды ма, егер әсер етсе, нақты 
қалай; 

егіннің немесе басқа да ауылшаруашылық өнімнің тамырында немесе 
егінді жинау кезінде бүлінуі агротехникалық ережелердің бұзылу 
себептері болып табылды ма, егер сол болса, онда нақтысында қандай; 

осы егіннің немесе басқа да ауылшаруашылық өнімнің бүліну дәрежесі 
қандай, дәнді дақылдар пайдаланыла алады ма, егер пайдаланыла 
алатын болса, онда нақтысында қалай; өнімнің бүлінуі оны сақтау 
ережелерінің бұзылуымен байланысты емес па; 

бұл шаруашылықта дәнді дақылдардың бүлінуінен және қамба 
зиянкестерінің зақымдауынан сақталуын қамтамасыз ететін қажетті 
шаралары қолданылды ма және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет