Бѳлеу һәм бесік.
Педагогика ғалымдары бала бѳ-
леуге атымен қарсы. Баланың дұрыс ѳсуіне, қаны жү-
руіне, асы сіңуіне кесел деп кѳп дәлелдер кѳрсетеді.
Бұл дәлелдердің салмақты екендігіне талас жоқ. Бірақ
қазақ тұрмысы кѳзінен қарағанда бѳлеуден безуге бола
қоймас. Кѳшпелі абыр-сабыр тұрмыста бѳлеудің пай-
дасы да болып шығар. Әңгіме бѳлей білуде. Тас қылып
33
«Асыл мұра» сериясы
бѳлеп тастасаң, қанын тоқтатпақ түгіл, жанын да шыға-
рып аларсың. Саулығына зиян келтірмей бѳлеу туралы
ой жүгірту үшін бесік хақында сѳз қозғамай болмайды.
Қазақ бесігі – аса ұсталықпен жасалған нәрсе. Жѳр-
гегі, тартпалары, астындағы тесігі, шүмегі, түбегімен
баланың таза, жинақ жатуына кѳп себепші. Бірақ
әңгіме мұнда, осы бесікке баланы қалай бѳлеу керек.
Қазақ қатыны баланы жѳргекке орап, бесікке екі жер-
ден кеудеден бір, аяқ үстінен бір тас қылып таңып тас-
тайды. Бұлай таңып тастау, әрине, балаға зиянды. Ба-
ланы бесікке бѳлейтін болсақ, осы зияннан қалай құ-
тыламыз?
Маған мынадай бір ой келді, баланы екі жерден қы-
сып, қан жүруіне кесел қылмас үшін, тартпаны кеңей-
ту жолын қарастыру керек. Менің ойымша тартпаны
екеу қылмай, біреу қылсақ. Біреу қылғанда, баланың
мойнынан аяғына жететіндей қылсақ. Енді тартпа де-
мей-ақ жабу дейік. Жабу бесіктің бір жағына, айталық,
6–7 баумен байланған болса, баланы жѳргегімен орап,
тѳсегіне салып, әлгі жабуды жаппай жауып, бесіктің
екінші жағынан алып келіп, тағы 6–7 баумен байла-
сақ. Міне, осындай жабумен таңылса, аса зиянды бол-
мас еді. Бұл бір – тәжірибе кѳрмеген ой. Мүмкін, қате
болуға. Мен үшін емес, баласын дұрыс тәрбие қылу
үшін ата-ана осы ойды бір тәжірибе қылып кѳрсе, игі
болар еді.
Жә, баланы бесікке бѳлеуді мақұлдадық. Қалай бѳ-
леу туралы да ой жүгірттік. Енді тербетуге келейік.
Күн батып барады. Үй іші қара кѳлеңке. Қыс бол-
са, сасық үңгірдің ішінде терезе аталған тесіктерден
суық жел азынап кіріп, аш аңдай ұлып тұр. Жаз бол-
са, туырлықтың етегінен, шидің арасынан жыландай
жүз бұралып, қоңыр жел кіріп, жолдасын жоғалтқан
34
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
жандай мұңды, зарлы бір қоңыр әнге басады. Үйдің
бір босағасында бесік тұр. Ішінде бѳлеулі бала жатыр.
Жылап-жылап шаршаған. Енді айқай салып жылауға
шамасы жоқ. Әлсіз ғана ыңыранады. Бесік жанында
баланың анасы жоқ. Әлдеқайда кеткен. Мал жайлап,
шаруа қылып жүр ме? Әлде кѳрші үйдің қатынымен
басын шұлғи-шұлғи бір қысыр кеңесте отыр ма? Кім
білсін, бесік жанында кѳзі кѳрдей сұп-сұр бір кемпір
отыр. Құрысқан қолы бесіктің арқалығында. Салмақ-
пен бесікті тербетеді. Бала ыңыранады, бесік күңіре-
неді, кемпір де күңіренеді.
Әлди-әлди, ақ бѳпем,
Ақ бесікке жат бѳпем.
Жылама, бѳпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын,
Жіпке тағып берейін…
Әлди-әлди, әлди-ай… –
деп күңіренеді кемпір. Кемпірде талу жоқ. Тербетеді,
күңіренеді, тербетеді.
Баланың ыңылы баяулап келеді. Басылды. Бала
ұйықтады. Кемпір күңіренеді. Болмаса сол кеште, бос
үйде бесіктің жанына жас баланың жеті жасар апа-
сын отырғыз. Жел жылайды, бесіктегі бір жасар да
жылайды. Жанында отырған жеті жасар да жылайды.
Бос үйде дауыс шығарып, қорқуын азайту үшін бесікті
тарсылдатып тұрып тербетеді. Әлде не уақытта бала
ұйықтайды. Бесік жанында ѳксігін баса алмай апасы
әлі отыр.
Не болмаса, мынадай картинаны кѳз алдыңа алып
кел. Түн. Бала бесікте бѳлеулі жатыр. Жанындағы тѳ-
сектегі шешесі қалың кѳрпені жамылып шырт ұйқыда.
Қарны ашты ма, тоңды ма, тѳсегі тынышсыз болды ма,
35
«Асыл мұра» сериясы
бір мезгілде бала оянып жылайды. Бастап ақырын жы-
лайды. Елең де қылған ана жоқ. Дауысты молайтыңқы-
райды, оянған ана жоқ. Шыр-пыры шығып, пырылдап,
ішегі түйіліп жылайды. Ыңырана түсіп шеше оянады.
Бастап тербетіп ақырын қозғайды. Оған бала уанбайды,
«тұрмадың» деп ашуланғандай айқайын үдете түседі.
Үй ішінде жел долданады, шеше де долданады. «Ѳй,
кѳгала келсін, шешек шықсын», – дейді шеше. Тарс-
тұрс, тарс-тұрс тербетеді. Баланың айғайын бесіктің
тарсылы жеңеді. Әлде не уақытта бала ұйықтайды. Ба-
ласын күбірлеп қарғай- қарғай қорылдап, ұйқыға ке-
теді шеше. (Әрине, қазақ қатынының кѳбі мұндай емес
қой. Бірақ кѳбі осындай десек, аса адаспаймыз. Пысық,
сергек, бала қадірін білетін аналардан мына сѳзіме
кешірім сұраймын.)
Жә, күңірене-күңірене баланың әжесі ұйықтайды.
Жылай- жылай бала ұйықтайды. Қарғай-қарғай бала-
ны, ана ұйықтайды. Баланың осы ұйқысы сау ұйқы ма?
Шын ұйқы ма? Жоқ.
Бұл дұрыс ұйқы емес. Бұл ұйықтату емес, шайқап-
шайқап баланың басын айналдыру, естен тандыру.
Тербетіп ұйықтату – баланы талдырып ұйықтату
деген сѳз. Тербетіліп ұйықтатылған бала ұйықтап жат-
қан жоқ. Талып жатыр. Ѳзіңді бір нәрсеге тас қылып
байлап тұрып, ерсіл-қарсыл шайқап-шайқап тербетіп-
тербетіп талдырып тастаса, жақсы болар ма? Қазақ
әйелі! Балаңда қасың болмаса, тербетпе баланы. Бесік –
баланың жататын орны. Естен тандырып, талдыратын
орны емес. Осыны ұғыну керек, ұғу керек.
Ұйқы.
Ұйқысы тыныш болу үшін баланы кѳзді ша-
ғылыстыратын жарығы жоқ, құлақты жаратын айға-
йы жоқ жерде ұйықтату керек. Әсіресе кенет айқай
болмасын. Баланың тыныш ұйықтауына себеп бола-
36
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
тын бір нәрсе – баланы белгілі бір уақытта ұйықтату.
Және баланы жаратылыстың ѳзі ұйқы үшін белгіле-
ген уақытында яғни түнде ұйықтату керек. Баланы түн-
де ұзақ ояу отырғызу дұрыс емес. Баланы тамақ берісі-
мен ұйықтату тіпті жѳнге келмейді. Ұйқысы тыныш-
сыз болады, һәм саулыққа зиян. Тамаққа тоя сала
ұйықтату – біздің жалпы зиянды әдетіміз. Ұйықтаған-
да дененің, мүшенің бәрі демалатын, тыншығатын уа-
қытта, асқазанға сен тынықпа, мынау жеп-ішкеніңнің
бәрін сен қайнатып денеңе сіңіріп қой деу тіпті жѳнге
келмейтін бір зорлық емес пе? Ол сорлы қайтсін, бұл
қызметті атқара алмайды. Міне, осындайдан асқазан
бұзылып, адамда неше түрлі аурулар пайда болады.
Жас бала тіпті кѳп ұйықтайды. Жаңа туған бала
ұйқыдан тамақ үшін ғана оянады. 24 сағат бір тәулік-
тің 20 сағатын ұйқымен оздырады.
Бала жарты жас шамасында әжептәуір уақыт ояу
отырады. Әйткенмен де екі жасқа қарағанша ояуынан
ұйқысы кѳп болады. 2–3 жасар бала күндіз 1–3 сағат,
түнде 9–12 сағат, 4–5 жасар бала күндіз сирек ұйықта-
ғанымен, түнде 10–11 сағат ұйықтайды. 6–7 жасар бала
8–10 сағат, 12–13 жасар бала 8–9 сағат ұйықтайды. Жет-
кен адамға 6–7 сағаттан артық ұйқы дұрыс емес.
Достарыңызбен бөлісу: |