Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет9/76
Дата15.11.2023
өлшемі0,95 Mb.
#123382
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76
Байланысты:
мағжан жұмабаев педагогика 230122 134758

Жылылық. 
Баланың да, жеткен адамның да ѳлшеу- 
лі жылылығы (Цельсий бойынша) 37–37,5 градус бо- 
лады. Бірақ, жаңа туған бала денесінің жылылығы бас-
тапқы күндерде түрлі себептерден мынау ѳлшеуден
2–3 градус кем болады. Әйткенмен де ұзамайды, бұрын-
ғы қалпына түседі. Және баланың да, жеткен адамның 
да жылылығы бір тәулік ішінде бір қалыпта тұрмай-
ды. Біресе ѳлшеуден асып кетеді, біресе тѳмен түседі. 
Жылылықтың тѳмендейтін уақыты – таңертең. Жоға-
рылайтын уақыты кеш. Дене жылылығы «термометр» 
деген бір құралмен ѳлшенеді. Осы құралмен баланың 
денесін күнде ѳлшеп тұру керек. Жылылық белгілі ѳл-
шемде тұрса, баланың сау болғаны, не жоғарылап, не 
тѳмендеп кеткен болса, баланың ауру болғаны. Жылы-
лық ѳлшеніп отырылса, келе жатқан науқастың алдын 
алуға болады. Болмаса, науқас билеп алып, баланы 
қолды-аяққа тұрғызбай шыңғыртқанда, оның науқас 
екенін білу, кѳбінесе пайдасыз болып шығады.
Дем алу. 
Жаңа туған бала бір минутта 44–40 рет дем 
алады. Мұнан соң бірінші жыл бойынша 40–35 рет, 
екінші жылда 28, үшінші жылында 25 рет, сѳйтіп кеми-
кеми, 15 жаста бір минутта 20–17 рет дем алатын бола-
ды. Міне, дем алудың осы мѳлшерден кем немесе ар-
тық болуы баланың сау болмауын кѳрсетеді. Баланың 
дем алуын ояу отырғанда санау қиын. Ойнап, қозғалып 
отырғанда дем алуды мѳлшерден арттырып жібереді. 
Дұрысы, ұйықтап жатқанда санау.
Тамыр соғу. 
Жаңа туған баланың тамыры бір ми-
нутта 150 рет соғады. Екі жасар баланың тамыры 120-ға 
шейін соғады. Жеткен адамның тамырының соғуы бір 
минутта 70–65-тен аспайды. Бала ояу отырғанда, әсі-
ресе, жылағанда тамыр соғуы жиілеп кетеді. Мұндай-
да мѳлшерлі соғудан 20–25 рет артық соғады. Баланың 


25
«Асыл мұра» сериясы
тамырын бала ұйықтап жатқанда байқау керек. Сонда 
белгілі мѳлшерден тамыры артық я кем соқса, баланың 
сау болмағаны. Тамырын ұстау арқылы бір адамның 
ауру-сау екені білінетін болса, тамыршылық деген әу-
лиелік емес екені ѳзінен-ѳзі кѳрініп тұр.
Бірақ надандыққа не шара, біздің надан еліміз та-
мыршыны жынымен сѳйлесіп, күбірлесіп, тәңірімен 
тілдесіп отыр деп біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет