Потенциометрлік анализ



Pdf көрінісі
бет54/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   106
Байланысты:
Аргимбаева ПДФ

Жұту спектрлері 
 
Жарық ерітіндімен таңдамалы жұтылады: кейбір толқын 
ұзындықтарында жарық жұтылу қарқынды жүреді, ал кейбіреу-
інде жарық жұтылмайды. Энергиясы 

қозған бөлшек энергия-
сына тең жарық кванттары қарқынды жұтылады және олардың 
жұтылу ықтималдығы нөлден жоғары. Осы жиіліктердегі (немесе 
толқын ұзындықтарындағы) жұтылудың молярлы коэффициенті 
жоғары мәндерге жетеді.
Жұтылудың молярлы коэффициентінің жиілік бойынша 
(немесе толқын ұзындықтары бойынша) таралуы жұтылу 
спектрі деп аталады. 
Әдетте жұтылу спектрін оптикалық тығыздықтың 
А
немесе 
жұтылудың молярлы коэффициентінің ε түсетін жарықтың жиі-
лігіне ν немесе толқын ұзындығына λ тәуелділігін графикалық түрде 
бейнелейді. 
А 
немесе ε орнына жиі олардың логарифмдерін қояды.
lg 
A
– λ координатасындағы қисықтар 
3.2-суретте
көрініп 
тұрғандай, концентрацияны немесе қабат қалыңдығын өзгерткен-
де бір-біріне параллельді төмен не жоғары ауысады, ал 
A
– λ коор-
динатасындағы қисықтар 
(3.3-сурет)
ондай қасиетке ие емес.
Бұл ерекшелікті туындыларын салыстыру арқылы оңай тү-
сінуге болады. 
𝜕𝐴
𝜆
𝜕𝜆
ж
әне 
𝜕𝑙𝑛𝐴
𝜆
𝜕𝜆
.
Шынында, (3.2) теңдеуін дифференцирлегенде,
𝜕𝐴
𝜆
𝜕𝜆
=
𝜕𝜀
𝜆
𝜕𝜆
𝑙𝑐,
 
яғни оптикалық тығыздықтың спектралды тәуелділігі 
l
және 
с
пропорционалды.
(3.2) теңдеуін логарифмдеп, кейін дифференцирлегенде шы-
ғатыны:


97 
𝜕𝑙𝑛𝐴
𝜆
𝜕𝜆
=
𝜕𝑙𝑛𝜀
𝜆
𝜕𝜆

яғни оптикалық тығыздық логарифмінің спектралды тәуелділігі 
тек ln ε мәнімен анықталады және 
l
мен 
c
тәуелсіз.
Бұл ерекшелік сапалық талдау үшін аса маңызды. Сонымен 
қатар дифференциалды тәуелділік 
𝜕𝑙𝑛𝐴
𝜆
𝜕𝜆
спектрді жақсылап тал-
дауға және 
А
λ 
= f(λ) тәуелділігі сияқты спектрді қарапайым бей-
нелегенде көрінбейтін максимумдарды табуға мүмкіндік береді.
Инфрақызыл спектрлерді қарастырғанда, әдетте графикке ν' 
немесе ν функциясы ретінде жарық өткізу пайызын салады. 
Жұтылу спектрлеріндегі жеке сызықтарды математикалық 
түрде 
гаусс қисықтарымен 
өрнектеуге болады:
𝜀 = 𝜀
𝑚𝑎𝑥
𝑒

(𝜈

−𝜈𝑚𝑎𝑥

)
²
𝛿
²
ln
2
(3.3) 
мұндағы ε және ε
mах
– берілген толқын ұзындығындағы λ (немесе 
толқын санындағы ν
'
) және максимум нүктесіне жауап беретін 
А
mах
толқын ұзындығындағы (немесе толқын санындағы ν
'
mах

жұтылудың молярлы коэффициенті; ν
'
және ν
'
mах
– берілген 
толқын саны және максимум нүктесіндегі толқын саны; δ – 
жұ-
тылу сызығының енін
сипаттайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет