11.3. Орталык, жүйке жүйесі
315
Жүлыннын глиоциттері. Жүлын каналы
эпендимоциттермен
капталған.
Олар цилиндр тәрізді жасушалар. Жасушалардың апикалды бөліктерінде
микробүрлері және кірпікшелері (киноцилиялары) бар. Микрофиламенттер-
дін, десмосомалардың, саңылаулы байланыстардын көмегімен жасушалардын
бүйірлік беттсрі
эпендимаға
— эпителийге ұксас жабуға — бірігеді. Көршілес
жасушалардын бүйірлік беткейлері өзара көптеген интердигитациялар кұ-
райды. Сопакша пішінді ядро жасушанын негізінде, ал органеллалар
эпендимоциттердің апикалды бөлігінде орналасады. Жасушанын базальды
өсіндісінде глиофиламенттердің мөлшері көп болады. Эпендимоциттер зат-
тардың трансцеллюлярлык тасымалын және аздап секреторлык кызмет ат-
карады.
Сұр заттын негізінін басым бөлігін
протоплазмалық
және
фиброзды астро-
циттер
кұрайды. Талшыкты астроциттердің өсінділері сүр заттың шеңберінен
сыртка шығып кетеді және дәнекер тіннін элементтерімен бірге ак зат-
та тоскауылдарды және кан тамырларының айналасында және жүлынның
үстінгі бетінде глиалдык мембраналарды кұрауға катысады.
Олигодендроңит-
тер
жүйке талшыктарының кабыкшаларының құрамына кіреді.
Микроглия
жұлынға оның ішіне кан тамырларының еніп өсуі өте бастағанда
түседі де, сұр және ак затта таралады. Микроглия жасушалары бүкіл
глиалдык элементтердін ішіндегі ең ұсағы және орталык жүйке жүйесінде
сиректеу кездеседі. Микриоглиоциттер орталык жүйке жүйесінің барлык
жасушаларының шамамен 3% кұрайды, мидың сұр және ак заттарында орна-
ласып, жүйке жасушаларына жиі ілесіп жүреді. Микроглияның 50%-канның
моноциттерінен
дамыған
мидын
макрофагтары
екені
анықталған.
Микроглиалык жасушалардын екінші жартысы «тыныштыктағы астроцит-
тер», әр түрлі жағдайларда олар белсенді пролиферацияға және астроциттерге
дифференциялануға кабілетті.
11.3.2. Бас миы
Бас миында сүр және ак заттарды ажыратады, бірак бұл екі кұрамдык
бөліктердін үлестірілуі жүлынға Караганда күрделі болады. Сүр заттын басым
көпшілігі үлкен мидың үстіңгі беткейінде және мишыкта орналасып, олардын
кыртысын түзейді. Аз бөлігі ми сабауының көптеген ядроларын түзейді. Әрбір
ядро жүйкелік орталык болып табылады, ол жерде жүйкелік импульстер ауы-
стырылады және олардың сапалык өзгерістері өтеді. Ядролар жасушалардын
миграциясының және олардын араларында байланыстардын калыптасуының
нәтижесінде пайда болады. Ядроның күрамындағы әрбір нейрон бір мезгілде
ондаған мың жасушаларға сигналдар жіберіп, өзі де көлемі жағынан одан кем
емес мәліметті кабылдайды. Өткізу жолдары ядроларды жүйеге біріктіріп,
сенсорлык, кимылдаткыш, нейроэндокриндік белсенділікті реттейді, үйкы
мен сергектікті, баскадай физиологиялык ырғактарды баскарады.
Достарыңызбен бөлісу: