132
6-Тарау. Эпителий тіндері
Э н д о т е л и й
( e n d o th e liu m
) кян жэне лимфа тамырларын, жүрек камера-
ларын тыстайды. Ол базальды мембранада бір кабат болып орналасқан
э н д о т е л и о ц и т т е р д ің
— жазык пішінді жасушалардын кабаты болып табыла-
ды. Эндотелиоциттердің органеллалары нашар дамыған, цитоплазмасында
пиноцитоздык көпіршіктері болады. Эндотелиоциттер тамырларда лимфамен,
канмен шекарада орналасып, олармен және тіндермен зат және газ (О,, СО,)
алмасуға катысады. Эндотелиоциттер әр түрлі өсу факторларын, вазоактивті
заттарды және тағы баскаларды бөледі. Эндотелий закымданған жағдайда та
мырларда кан ағымы өзгеріп, куысындатромбтар түзіледі. Тамырлар жүйесінің
әр түрлі аймактарында эндотелиоциттердін көлемінде, пішінінде және тамыр
бойында орналасуында айырмашылыктары бар. Эндотелиоциттердің бұл
касиеттері
г е т е р о м о р ф и я
немесе
п о л и м о р ф и я
деп аталады (Н.А. Шевченко).
Бөлінуге кабілетті эндотелиоциттер, тамырлардын дихотомиялык бөлінетін
аймактарында басымырак кездесіп, диффузды орналасады.
Бір кабатты текшелі эпителий
(
e p ith e liu m
s im p le x c u b o id e u m
) бүйрек
түтікшелерін (ироксимальды және дистальды) тыстайды. Проксималды
түтікшелердің жасушаларында микробүрлі (шөтке тәрізді) жиекшесі және
базальды жолағы бар. Шөтке тәрізді жиекшесі көптеген микробүрлерден
түрады. Базальды жолағы жасушалардын базальды бөлігінде плазмолемма
катпарлары мен олардың арасында орналаскан митохондриялардан кұралады.
Бүйрек түтікшелерінің эпителийі біркатар заттардың алғашкы зәрден канға
кері сіңірілуіне (реабсорбциясына) катысады.
Камбиальды жасушалар эпителиоциттердің араларында диффузды орнала
сады. Бірак, жасушалардын пролиферативтік белсенділігі өте томен.
Достарыңызбен бөлісу: