Сұрақтарға жауап беріңіздер. 1. Әңгіме не туралы?
2. Гольф ойыны туралы не білесіздер?
38
Адал
Әділетті
Қаталдау
Еңбекқор
Жігерлі
Мықты
3. Еліңіздегі спорт жетістіктері туралы не білесіздер?
Жазамыз 14-тапсырма. Берілген суреттер бойынша спорт түрлерін жазыңыздар. Суреттерді пайдаланып, спорт түрлеріне қатысты сөздерді жазыңыздар. 15-тапсырма. Өздеріңізге ұнаған суретті таңдап, диалог жазыңыз. 16-тапсырма. Кесте бойынша сөйлем құрыңыздар. Менің досым
спортшы.
Ол
адам
О қ имыз 17-тапсырма. Тілшінің Еркежан мен Алдиярдан алған сұхбатын рөлдерге бөлініп оқыңыздар. Тілші: - Сәлеметсіз бе, Еркежан? Байқау жеңімпазы болғаныңызбен
құттықтаймын!
Еркежан:- Рақмет!
Тілші: - Бос уақытыңызда немен айналысасыз?
Еркежан:- “Бурабай” спорт кешеніне барып, теннис ойнаймын.
Тілші: - Солай ма? Болашақ жоспарыңыз қандай?
Еркежан:- Мәскеуде өтетін шахмат ойындарына қатысуды жоспарлап
отырмын.
Тілші: - Алдияр, бос уақытыңызды қалай пайдаланасыз?
Алдияр: - Бос уақытымда спортпен айналысам, бассеинге жиі барамын.
Тілші: - Болашақта кім болғыңыз келеді?
Алдияр: - Болашақта ақпараттық технология саласының маманы болғым
келеді.
Тілші: - Қандай жоғары оқу орнына түскіңіз келеді?
39
Алдияр: - Қазақ – Британ технологиялық университетінің студенті болсам
деп армандаймын.