Зерттеу әдістері
.
Спелеотерапия – дәрілік емес, жасанды
микроклиматты қолдану арқылы емдеу әдісі. Тұз шахталарында 15-20 сеанс
өткізу адам денсаулығын нығайтады. Спелеотерапияны қолдану принциптері-
49
құрғақ тұзды аэрозольдердің кең спектрінде шамамен 3 мкм, барлық қажетті
микроэлементтерден тұратын 98-99% тұз компоненттері бар. темір – анемияға
қарсы
әсер
етеді,
әлсіздікті
жойып,
иммуниттеті
жақсартады.
Микроэлементтердің құрамы: кальций – сүйек буын ауруын алдлын алуға әсер
етеді
магний – метаболикалық бұзылысты алдын алып, жүйке жүйесін
тыныштандырады
медь – зат алмасудың бұзылуын алдын алып, темірдің сіңірілуін
жақсартады.
марганец –күнделікті кездесетін қатерлі қосылыстардың улылығын
төмендетеді
цинк – бойдың өсуіне
селен ағзадағы бос радикалды қосылыстардан тазартып, қатерлі
ісіктерді болдырмауға әсерін тигізеді, ластанған ауадағы сынаптан, кадмиден,
қорғасыннан тазартып, ағзаның қартаюын төмендетеді.
литий – склероздың, жүрек ауруының, қант диабетінің дамуына қарсы
әсер етеді
йод – қалқанша без ауруының болуына кедергі жасайды.
Көрсеткіштері: Галотерапияның көрсеткіштерінің негізгі мақсаты–
тыныс алу ағзаларының, соның ішінде суық тиюден болатын ауруларға: жиі
ЖРА және ЖРВИ, пневмониялар, бронхиттар түрлі дәрежедегі аурулардан
алдын алуып, сауықтыру. Сонымен қатар жұрек қантамыр, жүйке ауруларына,
құлақ мұрын, аллергияларда, тері ауруларында да қолданады.
Қарсы көрсеткіштері: Созылмалы немесе жұқпалы аурулардың өршуі,
жасырын кезеңдерінде, тұзды аэрозолды көтере алмаушылық кезінде
қолдануға
Зерттеу нәтижелері.
Спелеотерапияның қабынуға қарсы әсері айқын
болды: -3 процедурадан кейін мұрын шырышты қабығының гиперемиясы мен
ісінуі, 1-топта 55,3%-да және 2-топта тек 16,6% - да тоқтатылды. Катаральды
көріністердің толық жойылуы 1-ші топтағы 5 процедурадан кейін байқалды,
2-ші топтағы балаларда 8 процедурадан кейін ғана қалыпқа келді.
Спелеотерапияның муколитикалық әсерінің дәлелі деп өнімді жөтел,
шырышпен қақырықты шығару, қақырықтың секрециясын жеңілдету, бронх
дренажын жақсарту айтуға болады. Катаральды көріністерді толық жойылуы
1-топтағы 5 процедурадан кейін болды, 1-топта жөтел барлық балаларда қысқа
мерзімде жоғалып кетті, ал 2-топта 27,8% жөтел толық сауықтыру курсы
аяқталғанға дейін сақталды. 1 топтағы балалардың клиникалық көріністері
46,8% - мардымсыз, 37,5% - орташа, 6,3% - айқын болды. 2 топта сәйкесінше -
24,1%, 62,1% және 24,1% байқалды.
Қорытынды.
Туберкулез ауруының жоғары қаупі тобын құрайтын
балаларды кешенді сауықтыруға спелеотерапияны қосу клиникалық
көріністерді азайтуға және бұзылған дене функцияларын қалпына келтіруге
мүмкіндік берді. Спелеотерапия алатын балаларда клиникалық көріністер
46,8% - да орташа болды, балалардың тек 6,3% айқын болғаны байқалды.
50
Сплеотерапияның қабынуға қарсы әсері анық байқалды: 1-ші топта
катаральды көріністерінің басылуы 3 емшарадан кейін 55,3%, ал 2-ші топта
16,6%-да болды.
1-ші топта катаральды көріністерінің толық жойылуы 5 емшарадан
кейін, ал 2-ші топта 8 емшарадан кейін ғана қалыпқа келді.
Сплеотерапияның қақырықты жөтелге муколитикалық әсері жоғары
болғанын көреміз: 1-ші топта жөтел барлық балаларда қысқа мерзімде
жоғалып кетті, ал 2-топта 27,8% жөтел толық сауықтыру курсы аяқталғанға
дейін сақталды.
Достарыңызбен бөлісу: |