Сборник предназначен студентам, интернам, резидентам, магистрантам



Pdf көрінісі
бет80/333
Дата18.11.2023
өлшемі4,77 Mb.
#124365
түріСборник
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   333
Байланысты:
sbornikkonferenczii19iyunya2023

Негізгі:
Магниттік өріс – қозғалыстағы электр зарядтары мен магниттік 
моменті бар денелерге (олардың қозғалыстағы күйі тәуелсіз) әсер ететін 
күштік өріс. Магнит өрісі магниттік индукция векторымен (В) сипатталады. 
Тірі организмдер ұдайы электромагниттік толқынның әсер етеді, жердің 
магниттік өрісі – табиғи электромагниттік өріс, планетарлық сарқылмайтын 
ресурс, өрістің күші әртүрлі. Егер бұл сәулелер тірі организмге артық 
мөлшерде өтсе, жасушалардың, ағзалардың тіршілігіне қауіпті факторлар 
көбейеді, мыс; радиожиіліктегі қондырғылар шығаратын электромагниттік 
сәулелер жоғары болса паталогиялық үрдіс ретінде жүйке жүйесінде тежеуші 
құбылыстар, қан тамырларының кеңеюі оның нәтижесінде қан қысымының 
төмендеуі анықталады, сәуле әсерінде ұзақ уақыт болған жағдайда адамдар тез 
шаршайды, ұйқышылдық басып, жиі-жиі бас ауырады, жүрек соғысының 
баяулауы, шаш түсуі байқалады.
Кез келген электромагниттік толқындар екі түрлі әсер көрсетеді; 
термиялық және термиялық емес. Термиялық электормагниттік энергия 
адамның денесіне еніп, бөлек ағзаларды жылытатын жылу энергиясына 
ауысады. паренхиматозды ағзаларға терең әсер ететіндіктен ми тініне өтеді, 
салдарынан мидың жекелеген бөліктерінде температура көтеріліп, ісік 
жасушаларын қарқынды өседі. Ұзақ уақыт бойы ұялы телефонмен сөйлескен 
кезде құлақ қалқанында температура жоғарылайды, осылай есту үрдісіне кері 
ықпал етеді. 


85 
Термиялық емес әсер төмен жиіліктегі электромагниттік толқындарға 
негізделген, жүрек ырғағы бұзылып, брадикардия, диастолалық қысым 
жоғарылап, астенияға, еңбек қабілетін төмендетіп, тітіркенгіштікті, жүрек 
айнуы сияқты вегетоневротикалық симптомдарды шақырады. Ұялы 
телефоннан шықққан төменгі жиіліктегі сәулелер бас миының биоэлектрлік 
белсенділігін төмендетеді. 
Қорытынды:
Ғылым мен техника дамыған кезеңде электромагниттік 
толқындар, өрістер арта түседі, сондықтан олардың организмге тигізетін 
жанама әсерлерін төмендету және қорғану жолдарын білуіміз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет