Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет61/86
Дата18.11.2023
өлшемі1,06 Mb.
#124382
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   86
Өркениет
- қоғамды табиғаттан ерекшелендіретін категория; өркениеттің
бастауында қоғамды өзіндік негізі жəне ішкі заңдылықтары арқылы дамытатын
деңгейі жатыр.
«Өркениеттілікті» біз қоғамның «жасамды» технологиялар арқылы
қызметі мен дамуы деп түсінсек, сондай да рационалды жоспарлауға,
қоғамдандыруға, қызметтерінің нəтижелерін өзі анықтауға негіздейтін
«өркениеттіліктің» мақсаттылығы мен кооперациялығы жəне еркіндік сəттері
дейміз. Өркениет қоғамның табиғат патшалығынан ықтимал түрінде автономды
жəне рационалды жүйе ретінде бөліну жағдайда.
Өркениет пен мəдениеттің бағыттарын ажырата білу қажет. Өркениет -
құралды болса, мəдениет - адамгершілік пен ақылдың биіктігі. Өркениетті -
былжырақтық, ал мəдениетті - дүниеқорлық бұзады. Мəдениет - даңққа,
өркениет - батырлыққа шақырады. Мəдениет талап етеді, ал өркениет борышын
атқарады. Мəдениет рухани маңыздылығымен үстемді, ал өркениет -
материалдылығымен бағындырады. Мəдениет тұтқасы - рухтың мұқияты болса,
өркениеттің тұтқасы - ұйымдастыру болады.
Дəстүрлі қоғам
(индустриалды қоғамға дейін, қарапайым қоғам) - өзінің
мағынасында дəстүрлі əлеуметтану мен мəдениеттануда адамзаттың
индустриалды даму кезеңге дейін даму сатысын мағыналық тұрғыда қамтитын
ұғым. Бəріне ортақ дəстүрлі қоғам туралы теория жоқ. Ол туралы түсінік
негізінде қазіргі əлеуметтік-мəдени модельге ассиметриялы түсінік болады;
яғни, оны индустриалды өндіріспен айналыспайтын халықтардың өмірінің
нақты фактілерін генерализациялау деген түсінік. Заттық қатынас мүлдем жоқ,
немесе азғантай əлеуметтік таңдаулылардың (элитаның) жіктік қажеттілігін
қанағаттандыруға арналған. Əлеуметтік қатынастың құрылысының негізгі
қағидасы қоғамның қатаң иерархиялық стратификациясы болып табылады,
сондай ақ, ол эндогамдық касталардан тұрады. Негізгі əлеуметтік қатынастарды
құрастыратын түрі - жабық, бəрінен ақшақталған, жабық қауым. Осы
жағдаймен мінез-қылықтың дəстүрлі нормаларын қатал түрде ұстану түбінде
тұлғаның индивидуалды белсенділігі мен құндылығын жояды. Осының
салдары: əлеуметтік жинақтың мүмкіндігін жоққа шығарады; саяси билік бір
каста, клан, жан ұяның қолында жұмылдырылады; жазбаша өнердің жоқтығы,
немесе ол нақты жоғары шенеуніктер мен абыздардың артықшылығы. Сонымен
қатар, жазу көбінесе қарапайым тілдермен емес, ерекше жоғары тілдермен
дамиды (орта ғасыр Еуропада - латын тілі, Таяу Шығыста - араб тілі, Арғы
Шығыста - қытай тілі). Сөйтіп, мəдениетті ұрпақтарға жеткізу (трансляциялау)
вербальды, фольклор түрінде болған; негізгі əлеуметтік институт - жанұя. Ұлт
туралы қазіргі теорияларда дəстүрлі қоғам деген ұғым кездеспейді, оның
орнына «аграрлы» немесе «аграрлы жазбаша қоғам» деген ұғымдар кең
қолданылады (Э. Гелнер, Б. Андерсон, К. Дойч).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет