2
. Тәжірибеде микробиологиялық синтезді қолдану.
Материалдан таза өсіндіні алудағы негізгі міндет жеке микробты колонияларды алу
болып табылады. Бактерия культурасын алуда лабараторияда егу және қайта егу
әдістеріқолданылады.
Егу
– зерттелген материалдың бір бөлігін стерильді қоректік
ортаға егу қайта егу, қоректік ортада өскен микроб культурасының бөлігін басқа жаңа
стерильді қоректік ортаға ауыстыру
Микроб қоспасынан таза культура алуда механикалық, химиялық, биологиялық әдістер
қолданылады.
1. Механикалық әдіс
– Пастер әдісі. Бұл әдісте 1 тамшы материалды пробиркаға құйып, суйық
қоректік ортаға ЕПС, сосын оны 2-не 8-10 пробиркаға құйып отырады. Аяғында 10 пробиркада
азғана микроб қалады. Бірақ бұл әдісті қолданбайды, тек микроорганизмдер концентрациясын
азайту үшін қолданылады.
2. Кох әдісі
– зерттелген материалды бактериологиялық ілмекпен еріген ЕПА немесе ЕПЖ
пробиркасына құяды. Біркелкі араластырып, пробиркаларды алақанмен уқалайды. Осы
материалдың тамшысын келесі прбиркаға салады, сосын арығарай салады, әр пробирканың 1-нен
бастап Пэтри табақшасына құяда, сосын термостатқа қояды.