Адамның тірек-қимыл жүйесі



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата19.11.2023
өлшемі275,29 Kb.
#124897
1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-3801

Кеуде сүйектері.
Кеуде қуысында жүрек, өкпе, кеңірдек,
өңеш, үлкен қан тамырлары, лимфа жолдары және жүйке
талшықтары болады. Адам тыныс алғанда – кеуде қуысының
көлемі ұлғаяды, ал тыныс шығарғанда көлемі кішірейеді де,
ондағы мүшелердің жұмысына әсер етеді. 
Он екі қабырғаның дөңес басы арқа омыртқаларының
ойысына бекіп, екінші жағынан шеміршекті төссүйекке
жалғасады да, кеуде қуысын құрайды. Төстікке жетпеген екі
жұп қабырға қысқа күйінде тұрады. Бұларды аралық қабырға
деп те атайды. Қабырға ұзын, тұтас, жалпақ сүйектерге
жатады (51-сурет). 
48-сурет. Омыртқа жотасы және омыртқалардың байланысы. 
Иық белдеуі иық және қол сүйектерінен тұрады. Иық белдеуі
арқылы қол сүйектері байланысады. Бұғана мен жауырын
бірігіп, иық белдеуін құрады. Бұғананың бір басы төстікпен,
екінші басы жауырынмен буын арқылы жалғасады. Кеуденің


сыртқы жағына орналасқан жалпақ, үшбұрышты сүйек
жауырын
деп аталады. Қол сүйектері тоқпан және кәрі
жіліктерден тұрады. Кәрі жілік шынтақ және шыбық сүйектен
тұрады. Білезік сүйек, алақан және саусақ сүйектері қол басы
болып саналады.
Жамбас белдеуі жамбастан және аяқ жіліктері мен табан
сүйектерінен тұрады. Жамбас белдеуі жалпақ жамбас
сүйегінен, ортан жіліктен, тізе, қақпақ сүйегінен (тобық),
асықты жіліктен, өкше сүйектен (толарсақ), табан сүйектері
мен башпай сүйектерінен құралады. Жамбас үсйегі артқы
жағынан сегізкөзбен берік тұтасып, алдыңғы жағынан өзара
байланысады. 
Бас сүйегі ми сауыты мен бет сүйегі бөлімдерінен тұрады.
Ми сауыты жұмыртқа пішінді. Оның ішіндегі ми сүйегінің
қарақұс тесігі арқылы омыртқа жотасындағы жұлынмен
жалғасады. Ми сауыты өзара берік және қимылсыз
байланысқан сүйектерден – төбе, самай, маңдай, шүйде
(қарақұс), жақ сүйектерден құралады. Бет сүйектері жұп:
үстіңгі және астыңғы жақ сүйектерден тұрады. Жақ
сүйектерде тістің түбірі орналасатын ұяшықтар болады. Жас
нәрестенің басында шеміршектердің түйіскен жерінде пайда
болатын былқылдақ дене
еңбек
деп аталады.Бала бір жасқа
толғанда төбе сүйегінұлпалар қаптайды. Мешелмен ауырған
баланың еңбегі кешірек қатаяды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет