Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет167/274
Дата20.11.2023
өлшемі35,41 Mb.
#124949
түріБағдарламасы
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   274
Топтағы өзара әрекет
Біздің өміріміздің көп бөлігі әртүрлі топтарда өтеді. Оларға жүмыс 
топтарын, отбасылық топтарды және қатарластар тобын жатқызуға 
болады. Сонымен бірге білім беру мекемелеріндегі пікірталас топтары 
мен комитеттерді әр жерден кездестіре аламыз. Бірақ біз сол топтар-

Біз қатысатын топтардың көбінде 
I негізгі және қосалқы топтардың 
сипаттамалары аралас болып келеді. 
Бастауыш сынып қосалқы топ болып 
саналады, дегенмен мунда қалыптасқан 
достықб, 12 тіпті 40 жылға дейін 
созылады.


144
5-ТА РАУ
5.1-СЫЗБА. Коммуникация үлгілері
Коммуникация үлгісі дербес 
қатысушылар мен басқа да факторларға 
әсеретуі мүмкін. Әрбірфигурадағы 
шеңберлер жеке тұлғаларды, ал 
сызықтар коммуникация бағытын 
білдіреді. Желінің барлық арнасының 
үлгісі өзара әрекетке түсуге үлкен 
мүмкіндік береді және қатысушылар 
мәртебесінде айтарлықтай 
айырмашылықтар болмаған кезде 
жиі кездеседі. Керісінше, дөңгелектің 
үлгісі, мысалы, бір адамның басқаларға 
қарағанда мәртебесі мен әлеуеті жоғары 
болған жағдайда жиі кездеседі
Дөңгелек
Т о п т а ғы ы н т ы м а қ т а с т ы қ -
топ мүшелерінің өзара қарым- 
қатынасының жоғары деңгейімен, 
өзара күшті сезімімен және бір- 
біріне тәуелділігімен сипатталады.
дың қайсысына жататынымызға қарамастан, олардың қызметі сол 
топ мүшелері арасындағы қарым-қатынастың сапасына байланыс- 
ты. Бұл бөлімде шағын топтардағы өзара әрекеттерге эсер ететін кей- 
бір маңызды факторлар қарастырылады. Өзара әрекеттесуге топтың 
көлемі, адамдардың физикалық жақындығы, коммуникация үлгілері 
және топ мүшелерінің ынтымағы эсер етеді.
Топтыңкөлемі
Көлемі жағынан ең шағын топ екі адамнан тұрады. Топтағы адамдар 
саны уш, төртке жетіп және одан да көбейген сайын оның сипаты да 
өзгереді. Топтың әрбір мүшесі өз пікірін бөлісіп, шешім қабылдауга 
үлес қосады: 15 студенттен тұратын топ пен 500-ден астам студенттен 
тұратын тоитың арасындағы айырмашылықты ойлап көріңіз. Көп 
жағдайда үлкен топ үлкен мәселелерді шешіп, жауабын таба алады. 
Үлкен топ көп идеяларды іске асырғанмен әрбір адамның топқа эсер 
ету мүмкіндігі төмендейді. Топтың көлемі артқан сайын топ мүше- 
лері арасындағы өзара іс-әрекет дербестігі, сондай-ақ олардың дара- 
лығы мен жеке қанағаттанушылығы төмендей түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет