Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


Case Study: америкалықжүлдыздар мәдениеті



Pdf көрінісі
бет99/274
Дата20.11.2023
өлшемі35,41 Mb.
#124949
түріБағдарламасы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   274
Case Study: америкалықжүлдыздар мәдениеті
1980 жылдардан бастап танымалдық америкалық мәдениетте ба­
сым тақырыпқа айналды (Наірегп, 2007; Marshall, 1997). Кабельді те- 
леарнаның қарқынды дамуы көптеген адамдардың эфирге шығып, 
қоғамда белгілі болуына жол ашты. Содан кейін 1988 жылғы жазу- 
шылар ереуілі телехабар таратушыларын сценарий талап етпейтін 
телевизиялық шоуларды іске қосуға мәжбүр етті. Бүл шоу «қарапа- 
йым» белгісіз адамдарға талантсыз-ақ әйгілі болуға мүмкіндік бер- 
ді. Содан бері YouTube және басқа интернет-сайттар адамдардың 
көпшілік арасында танымал болуына ықпал етуде, тіпті кейбір 
жағдайларда қысқа мерзімге атақ-даңқ әкелуде (Sternheimer, 2011). 
Даңққа тек музыканттар мен актерлер ғана емес, сонымен қатар
Бұқаралық мәдениет - қоғамның 
көптеген мүшелері арасында 
әсіресе орта, жұмысшы және 
төменгі тап өкілдері арасында 
кеңінен таралған мәдени 
құндылықтардан түзіледі.
Жоғары мәдениет - жоғары 
деңгеймен байланысты мәдени 
артықшылықтардан тұрады.


84
2-ТАРАУ
әлеуметтану және сіз
Мәдениеттер айырмашылығының 
тағы бір көрінісі - бәсекені 
қалай бағалайтыны. Құрама 
Штаттардағы бастауыш 
мекгепте оқыған болсаңыз, сізді 
мұғалімдеріңіз жоғары баға алу 
үшін көбірек хоум-ран (бейсбол 
ойынындағы жеңісті жүгіру) 
жасауға немесе «еңжақсы» киім 
үшін бәсекелесуге талпындырғаны 
есіңізде шыгар. Егер сіз Африкада 
өскен болсаңыз мұғалімдер де, 
балалар да сізді бәсекелескеніңіз 
үшін жазалаған болар. Оның 
орнына мұғалімдеріңіз сізді 
сыныптастарыңызға көмектесуге 
және топтың игілігі үшін бірге 
жұмыс істеуге шақыруы ықтимал. 
Бұл айырмашылық Африкадан 
АҚШ-қа немесе АҚШ-тан Африкаға 
қоныс аударған балалар үшін 
мәдени соққы болуы мүмкін.
қарапайым адамдар да қол жеткізе алады. Мысалы, әкесі YouTube 
торабына баласының қызықты бейнесін орналастырғаннан кейін 
әлгі бала танымал болды, бейнебаянда баланың тіс дәрігерінен шы- 
ғып, үйіне қайтып келе жатқанда анестезия әсерінен дүниені сезі- 
нуге тырысқан кезі көрсетілген еді.
Жүлдыздар мәдениетінің өрлеуін көрсету және нығайту үшін 
көптеген журналдар қазір әйгілі адамдарға ғана арналады: олар- 
дың кейбіреулері (Пэрис Хилтон және Ким Кардашян сияқты), ең 
алдымен, елге танымал болғандықтан әйгілі. Қазір веб-сайттар, 
блогтер, телевизиялық шоу-бағдарламалар және газеттер танымал 
адамдар туралы көбірек ақпарат таратып, сайлау қорытындысы 
мен жұмыссыздық деңгейінің өзгеруі сияқты жағымсыз жаңалық- 
тарды аз қамтуда.
Жұлдыздар мәдениетін күлкі қылу, америкалық мәдениеттің 
танымалдыққа баса назар аударуы жас америкалықтарды алдына 
мақсат қоюдан алшақтатады деп санау оңай екені рас. Дегенмен жүл- 
дыздар мәдениетінің жағымды жағы да бар. Мәселен, адамдар белгі- 
сіз әлдекімдердің Project Runway бағдарламасында сәнді киім үлгісін 
жасау арқылы немесе American Idol шоуында ән айту арқылы атак, 
пен табысқа қол жеткізгендерін көріп, өз таланттарын дамытуға ша- 
быттанады. Сонымен қатар атақ-даңқ құндылығы туралы мәдени 
келісім америкалықтарды біріктіріп, олардың ортақ сөздік қоры мен 
талқылайтын тақырыптарын қалыптастырады («Леди Гаганың соңғы 
киім үлгісі ұнамады ма?» «American Idol әділ қазылары дүрыс таңдау 
жасады деп ойлайсыз ба?»).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет