Инклюзивтік білім беру жағдайында 8 санат бойынша ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың



Pdf көрінісі
бет14/63
Дата24.11.2023
өлшемі1,23 Mb.
#125512
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63
Байланысты:
Инклюзивті білім беру әдістемелік нұсқаулық

Өмір іс-әрекетіне сәйкес орта 
Көру қабілеті бұзылған оқушының кеңістікте бағдарлауы қиындық 
туғызады, сондықтан оның мектепте өзін жайлы сезінуі үшін мектеп 
ғимаратына саяхат жасауы қажет. Бұл оған кабинеттер мен мектеп үй-
жайының орналасуын есте сақтауына көмектеседі. Барлық кедергілер және 


25 
бұрылыстар айтылу қажет, балаға бұрыштар мен есіктерді ұстап көруге 
мүмкіндік беру қажет.
Нашар көретін баланың бағдарлауы үшін мектепке кіретін 
баспалдақтарды ашық кереғар түстерге бояп қою қажет, міндетті түрде 
таяныш болу қажет. Таяныш баспалдақтың екі жағында 70 және 90 см 
биіктікте, төменгі сыныптар үшін — 50 см болуы қажет. 
Есіктер жақсы ашық кереғар түске боялу керек. Егер есіктер шыныдан 
болса, оның ашылатын тұсын ашық түсті бояумен бояп қою қажет. 
Көру қабілеті бұзылған оқушының тұтқадан ұстап бағдарлауы үшін 
мектептің дәлізі бойына барлық периметр бойынша тұтқалар жасалу қажет. 
Көруі бойынша мүгедектің бағдарлауын жеңілдету үшін мектеп ішінде 
еденді түрлі рельефті етіп жабуға болады (бағытты өзгерткенде еден рельефі 
де өзгереді) немесе еденге арналған плиткалар немесе жай ғана кілемнен 
жасалған жолдар. 
Көру қабілеті бұзылған оқушыларға арналған киім ілгіште өтушілерден 
бөлек, арнайы орын арнау және оны таяныштармен, орындықтармен, сөмке, 
киім ілетін ілгектермен жабдықтау қажет.Баланың есіне сақтауы үшін ол 
жерге бірненше рет апарып көрсету қажет. 
Сыныпта қолжетімді және қолайлы жағдай жасау үшін ұсынылады: 
көру қабілеті бұзылған оқушыларға арнап рельефті фактуралы немесе едені 
кілеммен жабылған белгілі бір оқушы орнын жабдықтау керек. 
Жұмыс орнының жарықтануына аса мән беру керек. Парта мұғалім 
үстелі мен терезеге жақын бірінші орында орналасуы керек. Оқушы 
диктофонды пайдалануына болады (оның конспектілеу тәсілі). Мүмкіндігіне 
қарай, әртүрлі сабақта қолданылатын құралдар тек қана көрнекі емес 
сонымен қатар, зағип бала оны қолымен ұстау үшін рельефті болып келуі 
керек. 
Көз қызметінің мүмкіндігі төмендемеуі болмас үшін шаршауы болмау 
керек. Дер уақытында сабақ өтетін жердегі іс-әрекет және жағдай түрлерін 
ауыстыру оқушылардың жұмыс жасау қабілетін көтеруге көмектеседі. В 
Көзді сақтаудың негізінде жұмыс орнын, үй-жайды тиімді жарықтандыру 
жатыр. 
Көру қабілеті бұзылған балалар үшін п
артаның жұмыс жасайтын 
бетін, баспалдақты, дәліздерді, денешынықтыру залдарын жарықтандыру 
жоғары болу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет