Инклюзивтік білім беру жағдайында 8 санат бойынша ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың



Pdf көрінісі
бет19/63
Дата24.11.2023
өлшемі1,23 Mb.
#125512
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   63
Байланысты:
Инклюзивті білім беру әдістемелік нұсқаулық

2.5. 
Психикалық 
дамуы 
тежелген 
балаларды 
оқытуды 
ұйымдастыру 
 
Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшеліктері 
«Психикалық дамудың тежелуі» (ПДТ) ұғымы орталық жүйке жүйесі 
аздап органикалық немесе функционалды бұзылған, сондай-ақ ұзақ уақыт 
депривацияға (қолайсыз әлеуметтік ортада) ұшыраған балаларға қатысты 
қолданылады. Бұған эмоционалды-ерік саласы жетілмеу және таным 
әрекетінің дамымауы тән болып табылады. ПДТ балаларда танымдық 
қызығушылығының жеткіліксіз көрінуі жадысының бұзылуы, есту және көру 
түйсігінің жетіспеушілігі, нашар қозғалуымен үйлеседі. Қол буындары 
қозғалуының кішкене дифференциалдануы жабыстыру, сурет салу, 
құрастыру, жазу әрекетінің нәтижесіне теріс ықпал етеді.
Танымдық белсенділігінің төмендеуі балаға қажетті мектептегі 
оқытудың алғашқы баспалдақтарында жасына сәйкес қоршаған орта, 
практикалық дағдылар туралы білім қорының шектеулілігін тудырады. 
Сөздің өрескел жетілмеуі дыбыс шығарудың бұзылуын, сөздіктің 
жұтаңдығы және жіктелуінің жеткіліксіздігін, логикалық-грамматикалық 
құрылымын игерудің қиындықтарын тудыруы мүмкін. Көптеген балаларда 
фонетикалық-фонематикалық қабылдауының жеткіліксіздігі, есту, сөйлеу 
жадысының төмендеуі байқалады. 
Психикалық дамуы тежелген балалар дамуындағы тежелудің көріну 
деңгейіне және себептерінің әртүрлілігіне байланысты біртекті топқа 
жатпайды. Т.А.Власов, М.С.Певзнер, К.С.Лебединский т.б. жүргізген 
клиникалық және психологиялық зерттеулер балалардың психикалық 
тежелуін төрт топқа бөлуге мүмкіндік берді: конституционалды, психогенді, 
соматогенді, церебралды-органикалық пайда болуы [7, 8]. 
Конституционалды психикалық дамуы тежелуінің пайда болуы 
психофизикалық инфантилизм немесе психикалық синдром түрінде көрінеді. 
Психофизикалық инфантилизм көбіне жеке және эмоционалды жетілмеуі 
түрінде сипатталады. Психофизикалы – организмнің бүтіндей дамуы және 
жетілуінің тежелуімен сипатталады. Балаларда төлқұжаттық жасынан 
психикалық дамуының неғұрлым артта қалуы байқалады. Бұл сақталған 


35 
танымдық әрекеті жөніндегі эмоционалды-ерік саласында басымырақ 
көрінеді. 
Эмоционалды-ерік саласының жетілмеуі оқуға деген уәждемесінің 
қалыптаспауына алып келеді. Ондай балалар мектептегі тәртіптің жаңа 
талаптарын қабылдамайды. Сабаққа қоңыраудан кейін кешігіп келеді, сабақ 
барысында тұрады, сынып ішінде рұқсатсыз жүреді, қатты сөйлейді.
Кіші мектеп жасында оқу әрекетінің тұлғалық компоненттерінің 
жетілмегендік белгілері байқалады:
- оқудағы жетістіктері мен өзінің мінез-құлқына жауапкершіліктің 
болмауы; 
- оқуға немқұрайлы қарау
- сыни қарудың жеткіліксіздігі; 
- өзін-өзі жоғары бағалау; 
- өзін-өзі реттеудің болмауы (іс әрекетінің ішкі жоспары, мақсатты 
бағытталушылық, өзін-өзі бақылау). 
Конституционалды шығу тегіндегі психикалық дамуы тежелген 
балаларда мынадай ерекшеліктері бар: 
- зейіннің тұрақсыздығы;
- танымдық белсенділіктің және жұмысқа қабілеттіліктің төмендігі; 

абстрактілі-логикалықтан көрнекілік-әрекеттік, нақты-бейнелік 
ойлаудың басымдығы;
- сөздік-мағыналық есте сақтаудың жеткіліксіздігі;
- қажудың жоғары болуы және белсенді зейіннің әлсіздігі. 
Балалар ойында жалықпайды, бірақ зияткерлік әрекетте тез шаршайды. 
Зейіннің алаңдауы, шаршағыштық, ерік күшінің әлсіздігінің жоғарылығы 
байқалады. Эмоционалды-еріктік жетілмеушілік сонымен қатар, дербессіздік, 
сенгіштік, ойынға қызығушылығынан, негізгі уәждеме ретінде ойынға 
қанағаттануынан көрінеді. Қимыл-қозғалыс өрісінің жетілмеуі де орын алады. 
Ол қарқынды қимыл, қозғалыс үйлесімінің жеткіліксіздігі, артық 
қозғалыстардың болуы, қол саусақтарының нәзік қозғалыстарының 
жеткіліксіздігі түрінде пайда болады. Дамуды болжау арнайы педагогикалық 
шаралардың басталу уақытына байланысты. Баланы мектепке беруді 1 жылға 
шегере тұруға және оған дамытушылық сабақтарын арнауға болады. Оның 
дербестігін, өзін-өзі реттеуін, ойын әрекетін, жауапкершілікті дамыту қажет.
Самотогенді шығу тегіндегі психикалық дамуының тежелуі ұзақ уақыт 
самотикалық жеткіліксіздіктен: созылмалы инфекциялар; аллергиялық 
жағдайлар; туа біткен және кейін пайда болған ішкі органдардың (жүрек, 
өкпе, бүйрек, бауыр және т.б.) дамуының кемістігі; ауыр самотикалық 
аурулар; өмірінің алғашқы жылдарындағы бас миының жарақатын көрсетеді. 
Ұзақ уақыт бойы ауыр өтетін созылмалы аурулар балалардың психикалық 
тонусын тез төмендетеді. Күші әлсіреген, енжар балалар мектептік сабақ 
процесінде тіпті өнімсіз болады. Мектепте осы санаттағы балалар ең алдымен 
жаңа жағдайға бейімделуде қиындықты сезінеді. Олар мектептік ұжымға ұзақ 
уақыт үйрене алмайды, жиі жылайды, үйін сағынады. Селқостығымен, 


36 
жігерсіздігімен ерекшеленеді. Өздерін қорғай алмайды. Үлкендерге ізетті. 
Жағдайлармен бірдей санасады. Басқарушылығы ықпалсыз, ұйымдаспаған, 
мақсатқа бағытталмаған, дәрменсіз болады.
Балалар оқыту барысында қиындықты сезінеді. Шаршаған жағдайда 
баланың жауабы ойланбай берілген, кездейсоқ болады, жазбаша 
жұмыстардағы қателері көбейеді. Балалардың көңіл күйлері ерекше көңіл 
бөлушілікке бейім болады. Балаларда өздерінде кездескен қиыншылықтарға, 
жетістікке қол жеткізе алмауына сыни қарауы байқалады, олар өздерін терең 
зақымдайтын мектептегі сәйтсіздіктерді сезінеді және уайымдайды. Балада 
невротикалық реакциялар оңай пайда болады. Атап айтсақ, кіші мектеп 
жасында – тартылулар, тұтығу, энурез. Жоғары мектеп жасында – қарсылық 
реакциясы формасындағы ауытқымалы мінез-құлық түрінде (қызметтен, 
мектепке барудан бас тарту).
Психикалық дамуында соматогенді кідірісі бар оқушылардың аталған 
ерекшеліктері оларды оқытуда айтарлықтай тосқауыл болып табылады. 
Ауыруы бойынша жиі сабақтан қалатын балаларды шаршағыштығының 
артуына байланысты оқу процесінен босату, оларды үлгермейтін оқушылар 
қатарына қосуға әкеледі. Тегі самотогенді психикалық дамуы тежелген 
балалар аяушылық педагогикалық тәртіптегі жүйелі, емдік-педагогикалық 
көмекке, мөлшерленген оқу жүктемесіне, шаршағыштықтың алдын алуға, 
педагогтың көмегін ұйымдастыратын оқу материалының өтілу қарқынын 
төмендетуге мұқтаж болады. Дамуды болжау самотикалық аурудың 
ауырлығына, күн тәртібіне, отбасындағы эмоциялық жайлылыққа, бала 
денсаулығын сақтау туралы ата-аналардың қамқорлығына байланысты.
Психогенді шығу тегіндегі психикалық дамуының тежелуі бала 
тұлғасының дұрыс қалыптасуына кедергі келтіретін тәрбиенің қолайсыз 
жағдайларынан туындайды. Ерте пайда болған, ұзақ әсер ететін және баланың 
психикасын жаралауға әсері тигізетін ортадағы қолайсыз жағдай, ең алдымен 
эмоционалды дамуындағы психикалық бұзылыстарға әкеледі. Мұнда 
тұлғаның патологиялық дамуы туралы сөз болып отыр.
Психикалық 
тұрақсыздық түрі бойынша тұлғаны дамытудың нұсқасы күшті қамқорлыққа 
себепші болады. Осындай балаларға: аффективті елгезектік, ырықсыздық, 
жоғары иланушылық, мектеп бағдарламасын меңгеруге қажетті білімнің 
жеткіліксіз деңгейі тән. «Отбасы пірі» түрі бойынша дамыту нұсқасы гипер 
қамқорлыққа себепші болады. Осындай балаларға: ерік күшіне аз 
қабілеттілік, өзімшілдік және дарашылдық, еңбекке теріс қарым-қатынас, 
үнемі көмек пен қамқорлық жасау тән. Оқытудағы қиыншылықтар 
еңбексүйгіштіктің болмауына, еркелікке, жоғары өзіндік бағалауға 
байланысты. Невротикалық түрі бойынша дамыту нұсқасы дөрекілікке, 
қаталдыққа, өктемдікке, балаға, отбасының басқа да мүшелеріне қатысты 
агрессияға себепші болады
.
Осындай балаларға: қорғаныштық-енжар мінез-
құлық қасиеті (қорқақтық, ынжықтық, жылауықтық, тұйықтық) немесе, 
қорғаныштық-агресивті қасиет (қатыгездік, қыңырлық, мойындамаушылық, 
дөрекілік) тән. Психогенді шығу тегіндегі психикалық дамуының тежелуін 


37 
түзету жұмыстарының бағыты – бұл отбасының психологиялық ахуалын 
сауықтыру, ата-аналармен түзету тапсырмаларын қабылдау, оқуға жалпы 
қабілетін дамыту үшін тиімді жағдай жасау және тұлғаның жағымсыз 
ерекшеліктерін түзету, эмоционалды тұрақтылығын қалыптастыру, өз 
құрдастарымен қарым-қатынаста, ойында өз әрекетін тежеу қабілеті болып 
табылады.
Церебралды-органикалық шығу тегіндегі психикалық дамуының 
тежелуі эмоционалды-еріктік орта сияқты танымдық қызметте де үлкен 
шыдамдылықты және бұзылысты көрсетеді.
Эмоционалды-ерік-жігері жетілмегендік органикалық инфантилизмді 
білдіреді. Эмоция ширақтық пен ашықтықтың болмауымен, белгілі бір 
әлжуаздықпен сипатталады. Балалар сыни қарамайды, өте сенгіш,талаптану 
деңгейі төмен, бағаға қызығушылығы нашар болады. Танымдық әрекетінің 
бұзылысына психикалық процестердің енжарлығы себепші болады. 
Балаларда зейіннің тұрақсыздығы, фонематикалық есту қабілеті дамуының, 
көру және тактилді қабылдаудың, көру-қозғау үйлесімінің, қысқа уақыттағы 
және узақ уақыттағы есте сақтауының жеткіліксіздігі байқалады. Арнайы 
педагогикалық қолдаудың мазмұны: іс әрекетті эмоционалды ынталандыру 
(ойын арқылы); зейін, бақылау, өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру; тілдік 
бақылауды күшейту (дауыстап айту); кез келген әрекет үшін сыртқы 
сүйенішті, мерзімі ұзартылған жауапты қолдану; тапсырма көлемін азайту, 
тапсырманы көрсету мен оны тәжірибеде іске асыру қарқынын бәсеңдету; күн 
тәртібінің дұрыс ұйымдастырылуы; психикалық тонусын ынталандыруға
мидың қоректенуін жақсартуға және т.б. бағытталған емдеу болып табылады. 
Психикалық дамуы тежелген жетіжасар балалардың жалпы сипатты белгілері 
мынадай параметрлер: 
- танымдық уәждеме және мектептік оқытуға қызығушылығы; 
- іс-әрекеті мен тәртібінің жөнсіздігі; 
- тілінің және ақыл-есі дамуының деңгейі; 
- интегративті қызмет жағдайы (көру-қозғау үйлесімі, есту-көру 
үйлесімі, кеңістіктік түсінігі және т.б.); 
- қоршаған орта туралы түсінігінің даму деңгейі бойынша мектептік 
оқытуға дайындығының жеткіліксіздігі болып табылады.
Осындай балаларда бастапқы ойындық уәждеме біршама ұзақ (жиі 
бастауыш мектепте оқыған барлық жылдар бойы) қалады, оқуға 
қызығушылығы қиындықпен және аз деңгейде қалыптасады. Нашар дамағын 
ерікті өріс (жинақтала білу, көңіл аудару, ынталылық, тапсырманың мақсатын 
есінде сақтай білу, үлгі бойынша жұмыс істеу) кіші жастағы мектеп 
оқушыларына қиын оқу әрекетін толығымен іске асыруға мүмкіндік 
бермейді: ол тез шаршайды, әлсірейді. Жас ерекшелігіне байланысты 
оқушылардың өз бетімен салыстыру, жалпылау, абстракциялау, жүйелей 
білуге, мектеп бағдарламасының мазмұндық минимумын меңгеруге арнайы 
педагогикалық көмексіз шамасы келмейді, ол үнемі үлгермеушілер қатарына 
қосылады. Оқушының оқуындағы қиындықтар, әдетте, мінез-құлқындағы 


38 
ауытқушылыққа байланысты. Нерв жүйесінің функционалды жетілмеуіне 
байланысты тежелу және қозу процестері аз үйлеседі. Бала өте еліккіш
қызба, агрессивті, ашуланшақ, үнемі балалармен жанжалдасатын, немесе 
керісінше еріксіз, тежелген, қорқақ, нәтижесінде балалар тарапынан күлкіге 
қалатын болады. Үнемі болатын икемсіздік ретінде сипатталатын ортамен 
осындай өзара қарым-қатынастан оқушы психологиялық-педагогикалық 
көмексіз өз бетімен шыға алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет