Инклюзивтік білім беру жағдайында 8 санат бойынша ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың



Pdf көрінісі
бет28/63
Дата24.11.2023
өлшемі1,23 Mb.
#125512
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63
Байланысты:
Инклюзивті білім беру әдістемелік нұсқаулық

Инклюзивті саясатты
дамыту барлығына арналған мектепті 
дамытуды, оқушылар мүмкіндіктерінің әр түрлілігін қолдауды қарастырады. 
Оқушылардың білім берудегі алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға, 
оқытудағы барынша мүмкін нәтижелерге жетуге бағытталған кез келген 
әрекеттер қолдау болып саналады. Қолдаудың барлық түрлері ортақ жүйеге 
біріктіріледі. Қолдау жүйесін тұрақты дамыту үшін инклюзивтілік 
қағидаларының тұрғысынан мектепті дамыту концепциясын жасап, 
пәнаралық мамандар командасының әрекетін анықтайтын локальді 
нормативті актілерді қабылдау, сондай-ақ мектептің ұйымдастыру 
құжаттарына өзгерістер енгізу қажет.


60 
Инклюзивті саясаттың маңызды құраушысы білім беруде инклюзивті 
тәсілдемені қолдау бойынша ақпараттық шараны жүргізу болып табылады. 
Ол: 
- барлық оқушылар мен педагогтардың тең құдылығын мойындау; 
- мектеп өмірінің барлық аспектілеріне бүкіл оқушылардың қатысу 
деңгейін арттыру; 
- оқушылардың әр түрлі қажеттіліктеріне сәйкес келетін оқыту әдістерін 
қолдану; 
- мектеп өміріне барлық оқушылардың толыққанды қатысу жолындағы 
сараптау және еңсеру; 
- тек бір топтың ғана емес, мектептің барлық оқушылардың жағдайын 
жақсартуға бағытталған өзгерістерді жүргізу; 
- оқушылар арасындағы айырмашылықтар – бұл педагогикалық 
процесті жақсартуға ықпал ететін ресурстар екенін түсіну; 
- білім берудегі инклюзия – бұл қоғамға ендіру аспектілерінің бірі 
екенін мойындау арқылы жүзеге асырылады.
Инклюзивті тәжірибені
дамыту оқыту процесін басқару мен 
ресурстарды жинақтауды қарастырады. Сабақтарда оқушылардың біркелкі 
емес мүмкіндіктері ескеріледі, өз біліміндегі белсенділік, өзінің практикалық 
және өмірлік тәжірибесін қолдану марапатталады.
Білім беру ортасын бейімдеу қарастырылады. Оған: 
- білім беру ресурстарына физикалық қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- педагогтарды даярлау; 
- оқушыларға қажеттіліктеріне сәйкес жеке және қосымша көмек 
көрсету; 
- жеке бадарламалар бойынша оқуға мүмкіндік беру; 
- жеке бағдарламалармен оқитын оқушыларды аттестаттау және 
бағалаудың рәсімдері мен қағидаларын өзгерту жатады.
Білім беру ортасын бейімдеу ерекше білім беруге қажеттілігі бар 
оқушыларды оқыту жолындағы кедергілерді жеңу үшін білім беруді басқару 
органдары тарапынан маңызды шешімдер қабылдауды талап етеді.
Мектеп әкімшілігінде мектепті инклюзия бағытында дамыту жоғарыда 
аталған барлық үш құраушыда іске асырылуы керектігі туралы нақты түсінік 
болуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет