құртында 36, қиярда 14, жүгеріде 20, қарағайда 24,т.с.с. (2, 3-
кестелер).
Организмдер кариотипі олардың қандай эволюциялық сатыда
тұрғанына байланысты болмайды. Кейбір қарапайымдардың жоғары
сатыдағылардан хромосома сандары көп бола береді. Кей жағдайда
хромосома саны мен оның құрылысы түрлердің филогенетикалық
туыстығын да корсете алады, соған негізделіп кариосистематика
жасалады.
Көпшілік түрлердің дене клеткаларының ядроларына тэн қасиет-
хромосомалардың жұп болып келетіндігі. Әрбір жеке хромосоманың
өз гомологы болады. Адамның 46 хромосомасы 23 жұпты,
дрозофилдің 8 хромосомасы 4 жұпты, жүгерінің 20 хромосомасы 10
жүпты, бидайдың 42 хромосомасы 21 жұпты құрайды т.с.с.
Хромосомалардың жұп болып келуінің себебі олардың бір сыңарын
организм анадан, екінші сыңарын атадан алады.
2 кесте
Достарыңызбен бөлісу: